Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Tesla Education» орталығы «Damu Bala» бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді»: Алматы білім басқармасы жауап берді

27 Қараша, 2025

Дипфейк және дроппер: Ақшаңыз бен беделіңізді қалай сақтауға болады?

27 Қараша, 2025

Disney-ден кезекті сыйлық: «Аңдар шаһары 2» фильмі қазақ тілінде сөйледі

27 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Tesla Education» орталығы «Damu Bala» бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді»: Алматы білім басқармасы жауап берді
  • Дипфейк және дроппер: Ақшаңыз бен беделіңізді қалай сақтауға болады?
  • Disney-ден кезекті сыйлық: «Аңдар шаһары 2» фильмі қазақ тілінде сөйледі
  • ҰҚК Айдос Есполовтың ұсталғанын растады: іс бойынша тергеу басталды
  • Қызылордада парапауэрлифтинг әлем чемпиондарына жаңа пәтер мен қаржылай сыйақы табыс етілді
  • «Таза Қазақстан – біздің болашағымыз»: Жетісуда экологиялық акция өтті
  • Алматыда футболдан «Балалар Футбол Лигасы» чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
  • Аймағамбетов сүйінші сұрады: Ғалымдарды жылдар бойы қинаған мәселе шешілді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 27 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Селфи жасап жатып құлады»: Әйелін азаптап өлтірген күдікті сотта не деді?

«Селфи жасап жатып құлады»: Әйелін азаптап өлтірген күдікті сотта не деді?

27 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Фото: kznews.kz
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Талдықорған қаласында бүкіл елді дүр сілкіндірген қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды. Тергеу мәліметтері жаға ұстатады: күйеуі әйелін қызғаныштан ес-түссіз күйге түскенше сабап, артынша жедел жәрдем шақырған. Айыпталушының бұрынғы спортшы екені де белгілі болды. Бұл туралы Todayinfo порталы жазды.

Оқиғаның басты себебі – ұялы телефонға келген қарапайым хабарлама. Прокурордың айтуынша, жанжал маусым айында басталған. Күйеуі әйелі Айзат Жұманованың біреумен хат жазысып отырғанын көріп, телефонын сындырып тастаған. Осыдан кейін ерлі-зайыптылар жарты ай бойы мүлдем сөйлеспей жүрген.

Алайда, 22 маусым күні жағдай ушығып, аяғы қайғылы қазаға ұласты.

7-8 бөтелке сыра және ашу

Сотта айтылған деректерге сүйенсек, сол күні күйеуі таудан мал қайырып келгенде, әйелінің тағы да біреумен сөйлесіп тұрғанын байқайды. Ашуға булыққан ер адам дүкенге барып, бірден 7-8 бөтелке сыра сатып алып, ішіп алған.

Мас күйінде үйіне оралған ол әйелін жазалауды ұйғарады. Прокурор айыптау актісінде күдіктінің физикалық күші басым болғанын ерекше атап өтті:

«Ол спорттық тәжірибесі бар, денесі шыныққан адам бола тұра, әйелін қақпа алдына шығарып, аяусыз ұрып-соққан. Айзат жылап, ұрмауын өтінген, бірақ ол тоқтамаған. Жәбірленуші есінен танып қалса да, оның өмірлік маңызды мүшелеріне соққы жасауды жалғастырған».

«Терезеден құлады» деп алдамақ болған

Марқұмның туыстары бұл істің бұдан да сұмдық тұстары бар екенін айтады. Олардың сөзінше, қатігез күйеу әйелін аттың жалына байлап сүйреген, және мұның бәрі 2 жасар қызының көз алдында болған.

Ал күдіктінің өзі тергеу кезінде мүлдем басқа нұсқа айтқан. Ол әйелі екінші қабаттан селфи жасамақ болып, байқаусызда құлап кетті деп ақталмақ болған.

Күйеуі әйелінің қозғалмай қалғанын көргенде ғана жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер 32 жастағы келіншекті аман алып қала алмады. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қазіргі таңда сот процесі жалғасуда. Қоғам бұл іс бойынша әділ үкім шығарылуын талап етіп отыр.

Айзат Жұманова отбасылық зорлық-зомбылық резонанстық іс Талдықорған соты әйелін өлтірді

Оқылып жатыр

Дипфейк және дроппер: Ақшаңыз бен беделіңізді қалай сақтауға болады?

Disney-ден кезекті сыйлық: «Аңдар шаһары 2» фильмі қазақ тілінде сөйледі

Аймағамбетов сүйінші сұрады: Ғалымдарды жылдар бойы қинаған мәселе шешілді

«Суы суық, душы лас»: Журналист Отар әскери бөлімшесінің ішін аралап көрді

Алматыда бір топ адам Қытай азаматтарынан 5,5 млн теңге бопсалаған

«Қызыңды алып кет»: сәлем салудан бас тартқан келіннің ісі сотқа жетті

Соңғы жазбалар

«Tesla Education» орталығы «Damu Bala» бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді»: Алматы білім басқармасы жауап берді

27 Қараша, 2025

Дипфейк және дроппер: Ақшаңыз бен беделіңізді қалай сақтауға болады?

27 Қараша, 2025

Disney-ден кезекті сыйлық: «Аңдар шаһары 2» фильмі қазақ тілінде сөйледі

27 Қараша, 2025

ҰҚК Айдос Есполовтың ұсталғанын растады: іс бойынша тергеу басталды

27 Қараша, 2025

Қызылордада парапауэрлифтинг әлем чемпиондарына жаңа пәтер мен қаржылай сыйақы табыс етілді

27 Қараша, 2025

«Таза Қазақстан – біздің болашағымыз»: Жетісуда экологиялық акция өтті

27 Қараша, 2025

Алматыда футболдан «Балалар Футбол Лигасы» чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

27 Қараша, 2025

Аймағамбетов сүйінші сұрады: Ғалымдарды жылдар бойы қинаған мәселе шешілді

27 Қараша, 2025

Зейнетақы өседі, бірақ қуануға ерте: Үкімет ащы шындықты айтты

27 Қараша, 2025

«Селфи жасап жатып құлады»: Әйелін азаптап өлтірген күдікті сотта не деді?

27 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.