Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Tesla Education» орталығы «Damu Bala» бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді»: Алматы білім басқармасы жауап берді

27 Қараша, 2025

Дипфейк және дроппер: Ақшаңыз бен беделіңізді қалай сақтауға болады?

27 Қараша, 2025

Disney-ден кезекті сыйлық: «Аңдар шаһары 2» фильмі қазақ тілінде сөйледі

27 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Tesla Education» орталығы «Damu Bala» бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді»: Алматы білім басқармасы жауап берді
  • Дипфейк және дроппер: Ақшаңыз бен беделіңізді қалай сақтауға болады?
  • Disney-ден кезекті сыйлық: «Аңдар шаһары 2» фильмі қазақ тілінде сөйледі
  • ҰҚК Айдос Есполовтың ұсталғанын растады: іс бойынша тергеу басталды
  • Қызылордада парапауэрлифтинг әлем чемпиондарына жаңа пәтер мен қаржылай сыйақы табыс етілді
  • «Таза Қазақстан – біздің болашағымыз»: Жетісуда экологиялық акция өтті
  • Алматыда футболдан «Балалар Футбол Лигасы» чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
  • Аймағамбетов сүйінші сұрады: Ғалымдарды жылдар бойы қинаған мәселе шешілді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 27 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Аймағамбетов сүйінші сұрады: Ғалымдарды жылдар бойы қинаған мәселе шешілді

Аймағамбетов сүйінші сұрады: Ғалымдарды жылдар бойы қинаған мәселе шешілді

27 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Бюрократияға соққы: Ғалымдар енді грант ақшасын толық алатын болды
Фото: instagram.com/aimagambetov
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ғалымдарды жылдар бойы «жылатқан» мәселе шешілді: Грант ережесі толық өзгереді

Қазақстандық ғалымдар енді қағазбастылықтың кесірінен қаржы мен уақыттан ұтылмайтын болды. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов отандық ғылым жүйесіне түбегейлі оң әсер ететін маңызды норманың қабылданғанын хабарлады. Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.

Бұған дейін ғалымдар бөлінген грантты толық игере алмай, зерттеу сапасы ақсап жататын. Енді бұл олқылық толық жойылмақ.

Бұрынғы жүйенің «әттеге-айы» неде еді?

Мәселенің төркіні мынада: мемлекет ғылыми жобаға 3 жылға (36 айға) ақша бөледі делік. Бірақ байқау мен құжат рәсімдеу процесі тым ұзаққа, кейде 9-10 айға дейін созылып кететін.

Нәтижесінде келісімшарт жыл соңында, мәселен, қараша айында бір-ақ жасалады. Ал күнтізбелік жыл бітуге жақын. Салдарынан:

  • 36 айға жоспарланған зерттеу мерзімі 26 айға дейін қысқарып қалады;

  • Ғалымдар жобаға бөлінген ақшаның тек 70-80 пайызын ғана алып үлгереді;

  • Игерілмеген қаржы бюджетке кері қайтарылады.

Яғни, ғалымдар зерттеуді «галоппен» жүргізіп, асығыс бітіруге мәжбүр болатын. Бұл әрі сапаға, әрі ғалымның қалтасына ұратын еді.

Енді бәрі қалай болады?

Депутаттың айтуынша, жұмыс тобы «Ғылым туралы» заңға тарихи түзету енгізді. Бұған былтыр қабылданған жаңа Бюджет кодексі негіз болды.

Бұдан былай ғылыми жобаның мерзімі күнтізбелік жылға қаран емес, келісімшартқа қол қойылған күннен бастап есептеледі.

«Егер шарт қарашада жасалса да, жоба толық 36 ай жұмыс істейді. Қаражат та, уақыт та қысқармайды. Ештеңе жоғалмайды», — деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Ғалымдар не ұтады?

 

Бұл өзгеріс ғылыми қауымдастыққа төрт негізгі артықшылық береді:

  1. Тұрақтылық: Енді асығыс шешім қабылдаудың қажеті жоқ, жоспарлы жұмыс істеуге болады.

  2. Толық қаржыландыру: Жалақы мен зерттеуге қажетті құрал-жабдық ақшасы 100% сақталады.

  3. Сапа: Уақыттың жеткілікті болуы зерттеу нәтижесінің сапасын арттырады.

  4. Әділдік: Бөлінген ақша бюджетке қайтпай, ғылымның дамуына жұмсалады.

Қазіргі таңда бұл норма жұмыс тобында қабылданды. Ендігі кезекте оны Пленарлық отырыста депутаттар корпусы мақұлдауы тиіс. Егер қолдау тапса, бұл — қазақ ғылымындағы бюрократиялық кедергілерді жою жолындағы үлкен жеңіс болмақ.

Асхат Аймағамбетов ғылым туралы заң ғылымды қаржыландыру ғылыми гранттар қазақстандық ғалымдар

Оқылып жатыр

Дипфейк және дроппер: Ақшаңыз бен беделіңізді қалай сақтауға болады?

Disney-ден кезекті сыйлық: «Аңдар шаһары 2» фильмі қазақ тілінде сөйледі

«Селфи жасап жатып құлады»: Әйелін азаптап өлтірген күдікті сотта не деді?

«Суы суық, душы лас»: Журналист Отар әскери бөлімшесінің ішін аралап көрді

Алматыда бір топ адам Қытай азаматтарынан 5,5 млн теңге бопсалаған

«Қызыңды алып кет»: сәлем салудан бас тартқан келіннің ісі сотқа жетті

Соңғы жазбалар

«Tesla Education» орталығы «Damu Bala» бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді»: Алматы білім басқармасы жауап берді

27 Қараша, 2025

Дипфейк және дроппер: Ақшаңыз бен беделіңізді қалай сақтауға болады?

27 Қараша, 2025

Disney-ден кезекті сыйлық: «Аңдар шаһары 2» фильмі қазақ тілінде сөйледі

27 Қараша, 2025

ҰҚК Айдос Есполовтың ұсталғанын растады: іс бойынша тергеу басталды

27 Қараша, 2025

Қызылордада парапауэрлифтинг әлем чемпиондарына жаңа пәтер мен қаржылай сыйақы табыс етілді

27 Қараша, 2025

«Таза Қазақстан – біздің болашағымыз»: Жетісуда экологиялық акция өтті

27 Қараша, 2025

Алматыда футболдан «Балалар Футбол Лигасы» чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

27 Қараша, 2025

Аймағамбетов сүйінші сұрады: Ғалымдарды жылдар бойы қинаған мәселе шешілді

27 Қараша, 2025

Зейнетақы өседі, бірақ қуануға ерте: Үкімет ащы шындықты айтты

27 Қараша, 2025

«Селфи жасап жатып құлады»: Әйелін азаптап өлтірген күдікті сотта не деді?

27 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.