Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

16 желтоқсан балабақшаға тақпақ жинағы — Тәуелсіздік Тақпақ Өлең

27 Қараша, 2025

Жаңа жылдық сценарий 2026: Балалар жалықпайтын қызықты ойындар мен тақпақтар

27 Қараша, 2025

Тәуелсіздік Туралы Тақпақ балабақшаға

27 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 16 желтоқсан балабақшаға тақпақ жинағы — Тәуелсіздік Тақпақ Өлең
  • Жаңа жылдық сценарий 2026: Балалар жалықпайтын қызықты ойындар мен тақпақтар
  • Тәуелсіздік Туралы Тақпақ балабақшаға
  • «Ұр-Мұқасан»: Мөлдір Әуелбекованың бір сөзі желіде қызу талқыға түсті
  • Әскер орнына ақша: Армияға бармай-ақ әскери билетті қалай алуға болады?
  • «Лицензия талап етілмейді»: Оқу-ағартумин шулы «Tesla Education» орталығына қатысты ресми жауап берді
  • «Tesla Education» орталығы «Damu Bala» бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді»: Алматы білім басқармасы жауап берді
  • Дипфейк және дроппер: Ақшаңыз бен беделіңізді қалай сақтауға болады?
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 27 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Tesla Education» орталығы «Damu Bala» бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді»: Алматы білім басқармасы жауап берді

«Tesla Education» орталығы «Damu Bala» бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді»: Алматы білім басқармасы жауап берді

27 Қараша, 2025 Басты тақырып
Фото: 2gis
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда мыңнан аса ата-ананы сан соқтырған «Tesla Education» (TED Company) оқу орталығына қатысты дау өршіп тұр. «Todayinfo.kz» ақпараттық агенттігінің ресми сауалына Алматы қаласы Білім басқармасы жауап берді. Ведомство жекеменшік орталықтардың қызметіне араласа алмайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Tesla Education» орталығы кеңселерін жауып, клиенттердің ақшасын қайтармай жоқ болғаны хабарланған еді. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Білім басқармасының басшы орынбасарының міндетін атқарушы Е. Құттыбай қол қойған ресми хатта мынадай негізгі мәселелер айтылды:

1. Лицензия және бақылау: Басқарманың қатысы жоқ

Ата-аналардың көбі «Бұл орталықтарды кім тексереді?» деген сұрақ қойған болатын. Білім басқармасының жауабы қысқа: олар лицензия бермейді.

«Білім басқармасы оқу орталықтарына, соның ішінде «Tesla Education» сияқты қосымша білім беру ұйымдарына, білім беру қызметін лицензиялау немесе рұқсат беру өкілеттігіне ие емес», — делінген хабарламада.

2. «DamuBala» және мемлекеттік ақша

Ең маңызды сұрақтардың бірі – орталықтың мемлекеттік бағдарламаларға қатысы бар-жоғы еді. Ресми мәлімет бойынша, «Tesla Education»:

  • Мемлекеттік білім беру тапсырысын орындамайды;

  • «DamuBala» (ArtSport) бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді;

  • Бюджеттен қаржыландырылмаған.

3. «Бұл – нарық заңы»

Басқарма «Tesla Education» сияқты орталықтардың жеке кәсіпкерлік субъектілері екенін ескертті. Олардың қызметі Білім туралы заңмен емес, Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі.

Демек, азаматтарға келген шығынды есептеу, тексеру немесе аудит жүргізу білім саласындағы шенеуніктердің міндетіне кірмейді.

«Әлеуметтік желілерде таралған ақпараттың шынайылығын тек құзыретті мемлекеттік органдар (полиция, сот – ред.) тексере алады», — деп жауап берді ведомство өкілдері.

Ата-аналарға кеңес: Сенімді орталықты қайдан табуға болады?

Осы жағдайдан кейін баласын қосымша үйірмеге бергісі келетін ата-аналар сақтық танытуы керек. Білім басқармасы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін, тексерістен өтетін үйірмелерді bilimalmaty.kz порталы арқылы таңдауға болатынын хабарлады.

Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс 7 бағыт (ғылыми-техникалық, туристік, экологиялық, көркемдік, тілдік курстар және т.б.) бойынша орналастырылады және олар жоспарлы түрде бақылауда болады.

«Tesla Education» оқиғасы – ата-аналар үшін сабақ. Жекеменшік курстарға жазылмас бұрын келісімшартты мұқият оқып, орталықтың беделін тексеру қажет. Ал зардап шеккендер мәселені тек құқық қорғау органдары арқылы ғана шеше алады.

Tesla Education: Білім ошағы ма, әлде қаржылық тұзақ па?

Tesla Education алаяқтық Даму бала оқу орталығы

Оқылып жатыр

«Лицензия талап етілмейді»: Оқу-ағартумин шулы «Tesla Education» орталығына қатысты ресми жауап берді

ҰҚК Айдос Есполовтың ұсталғанын растады: іс бойынша тергеу басталды

Ұжымдық шарт орындалмаған: «Жалғызтөбемұнай» жұмысшылары тағы шеруге шықты

«Асқар Сабдинді келтірмеу керек»: желіде Атыраулық бас имамының мемлекеттің идеологиясына қарсы шыққан аудиосы тарады

«New York Times» газетінің зерттеуі: қазақты қырған Ленин, Дзержинский бастаған қызылдардың байлығы мен Швейцарияға тыққан долларлары белгілі болды

Астанадағы қайғылы жағдай: Психолог ата-аналарға шұғыл ескерту жасады

Соңғы жазбалар

16 желтоқсан балабақшаға тақпақ жинағы — Тәуелсіздік Тақпақ Өлең

27 Қараша, 2025

Жаңа жылдық сценарий 2026: Балалар жалықпайтын қызықты ойындар мен тақпақтар

27 Қараша, 2025

Тәуелсіздік Туралы Тақпақ балабақшаға

27 Қараша, 2025

«Ұр-Мұқасан»: Мөлдір Әуелбекованың бір сөзі желіде қызу талқыға түсті

27 Қараша, 2025

Әскер орнына ақша: Армияға бармай-ақ әскери билетті қалай алуға болады?

27 Қараша, 2025

«Лицензия талап етілмейді»: Оқу-ағартумин шулы «Tesla Education» орталығына қатысты ресми жауап берді

27 Қараша, 2025

«Tesla Education» орталығы «Damu Bala» бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді»: Алматы білім басқармасы жауап берді

27 Қараша, 2025

Дипфейк және дроппер: Ақшаңыз бен беделіңізді қалай сақтауға болады?

27 Қараша, 2025

Disney-ден кезекті сыйлық: «Аңдар шаһары 2» фильмі қазақ тілінде сөйледі

27 Қараша, 2025

ҰҚК Айдос Есполовтың ұсталғанын растады: іс бойынша тергеу басталды

27 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.