Қазақ шоу-бизнесіндегі жаңалықтар легі толастар емес. Бұл жолы танымал әнші Мөлдір Әуелбекова көпшіліктің назарына ілікті. Себебі – өнердегі аға буын өкілдеріне қатысты айтқан екіұшты пікірі.
Кейінгі күндері ел аузында жүрген «Нұр-Мұқасан» тобына қатысты оқиғаларға Мөлдір ханым да бей-жай қарай алмаған сыңайлы. Алайда, оның реакциясы көпшілік күткендей болмады.
«Ұр-Мұқасан»
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, әнші аңызға айналған топтың атауын өзгертіп, «Ұр-Мұқасан» деп қысқа ғана пікір қалдырған. Бұл сөз ойыны (Нұр – Ұр) топ мүшелерінің басынан өтіп жатқан жағдайға меңзеген кекесін сияқты қабылданды.
Бірақ бұл «креативті» қадам желі қолданушылары арасында қолдау таппады. Керісінше, оқырман қауым мұны үлкенге құрметсіздік деп бағалады.
Халықтың реакциясы қандай болды?
Қазақ халқында «өнер алды – қызыл тіл» десе де, үлкенді сыйлау дәстүрі бәрінен жоғары тұрады. Мөлдірдің бұл сөзіне пікір қалдырғандардың дені оны сөгіп тастады.
Желідегі жұрт: «Өзімізден басқаның бәрін тергеп-тексеруді қашан қоямыз?», «Қуасыз ба…», «Кім не десе де, Мұқасан біз үшін аңыз адам» деп жазды.
Тіпті кейбір оқырмандар әншінің өзіне ақыл айтып, «Бұл өнердегі ағаңыз ғой. Мұныңыз мүлде дұрыс емес» деген сарындағы өкпе-назын білдірді.
Аңыздың аты – аңыз
Әрине, қоғамда түрлі пікір болуы заңдылық. Біреулер «Мұқасандыкі әлсіздік» деп жағдайға баға берсе, енді бірі өнер иелерінің жеке өміріне араласпау керектігін алға тартты.
Дегенмен, Мөлдір Әуелбекованың бұл жазбасы күткендегідей үлкен «хайпқа» ұласқан жоқ, пікір жазғандар саны да саусақпен санарлық. Бірақ бұл оқиға танымал тұлғалардың әр сөзіне абай болуы керектігін тағы бір мәрте дәлелдегендей.

