Алматы қаласының білім беру саласында тағы бір қуанышты жаңалық. Қалалық Білім басқармасы өткізген дәстүрлі байқауда №138 гимназия «Алматы қаласының 2025 жылғы орта білім беретін үздік ұйымы» номинациясы бойынша лауреат атанды. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жетістік кездейсоқ емес. Медет Иманбекұлы бастаған гимназия ұжымы соңғы жылдары білім беру сапасын арттыру, оқушылардың жан-жақты дамуы және педагогикалық құрамның біліктілігін көтеру бағытында ауқымды жұмыстар атқарды.
Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымын осынау мәртебелі марапатымен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – қажырлы еңбек пен табандылықтың жемісі.

