Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстандық тележурналист Диля Ибрагимова қайтыс болды. Ұзақ жылдар бойы “Хабар” және КТК телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізген журналист 48 жасында сырқаттан көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі тележурналистің қазасына байланысты оның туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтты.
“Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы “Хабар” және КТК телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізді. Ол қазақстандық спорт журналистикасындағы ең танымал әрі сүйікті тұлғалардың бірі болды. Ол отандық журналистиканың дамуына үлкен үлес қосты. Кәсіби біліктілігі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас ұрпаққа үлгі бола білген Диляның жарқын бейнесі халықтың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз”, — делінген ведомство хабарламасында.
Тамыз айының басында тележүргізуші сырқатқа шалдыққаны белгілі болды. Бұл туралы ол өзі жазып, оқырманнан көмек сұрады. Сол кезде дәрігерлер оның нақты диагнозын анықтай алмай жүрген.

