Кеше ұшақ бортында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова науқас адамды құтқарып қалғанын жазған болатынбыз, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ұшақта жағдайы нашарлап кеткен жолаушының кім екені белгілі болды. Ол — 1,6 млн жазылушысы бар танымал журналист Гүлмира Абықай екен. Эконом-класта, авариялық шығу есігінің жанында отырған сәтінде денсаулығы күрт нашарлап, көмекке мұқтаж болғанын өзі айтып берді. Билетті де сақтап қойған.
Оған сол сәтте алғашқы көмек көрсеткен — денсаулық сақтау министрі. Журналист бұл оқиғаның кездейсоқ болғанын айтады.
Бірақ ең қызығы, дәл сол күні Гүлмира Абықай Білім министрімен де жолығыпты.
Министрлерге деген «магнит» секілді: бір күнде екі министрмен кездесіп үлгерді. Ал елдегі өзекті проблемаларды көтеріп жүрген басқа журналистер айлап жауап ала алмай жүргенде, бұған министрлер өздері «жолыққандай» күйде.

