Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі

26 Қазан, 2025

Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы

26 Қазан, 2025

Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

26 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі
  • Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы
  • Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
  • Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?
  • «Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы
  • Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады
  • Республика күні: Дубайдағы Бурдж-Халифа Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)
  • АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 26 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматыда бастапқы санитарлық-медициналық көмек көрсететін 73 емхана бар

21 февраля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматылық дәрігерлер халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар емханаға тіркелу жолдарын, медициналық қызметтерді алудың әдістерін айтты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі-МСАК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы қағидаларына сәйкес, ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан МСАК ұйымына бекітілетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) МСАК ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.

Емхананың бір әкімшілік аумақтық бірлік шегіндегі аумақтық қызмет көрсету аймағын МСАК қызметтерінің қолжетімділігін барынша қамтамасыз етуді ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындайды.

№21 қалалық емхананың сарапшы-дәрігері Досжан Амангелдиев жалпы тұрғындарға ортақ сұрақтарға жауап берді.  Бекітілген халықты аумақтық қызмет көрсету аймағы шегіндегі учаскелер бойынша бөлуді емхана басшысы бекітеді. Азамат дәрігер мен емхананы еркін таңдаған жағдайда бекіту жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады. Азамат МСАК ұйымының біреуіне ғана бекітіледі.

Азаматтар қандай жағдайларда бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емхананы ауыстыра алады?

— тұрақты немесе уақытша тұратын мекенжайын, оқу орнын немесе жұмыс орнын (басқа әкімшілік-бірлік аумағына) ауыс­тыр­ғанда;

— емхана қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;

— еркін таңдау құқығы бойынша жылына бір рет;

— жыл сайынғы тіркеу науқаны кезінде.

Емхана қандай жағдайда тұрғындарды тіркеуден бас тартуы мүмкін?

1) пациент жіберген құжат­тар­дағы мәліметтің қате болуы;

2) пациенттің мекенжайының таңдап алынған емдеу мекемесі орналасқан бірлік аумағынан алыстығы;

3) бір дәрігерге тіркелген адам санының 1700 адамнан, учаскелік терапевке тіркелгендер санының 2200-ден, учаскелік педиатрға тіркелген 0-6 жасқа дейінгі балалар санының 500-ден, 0-14 жасқа дейінгі бала санының 1400-ден асып кетуі;

4) баланың немесе жоғарыда көрсетілген тұлға­лар­дың заңды өкілі екенін растайтын құжаттың жоқ­ты­ғы.

Емдеу мекемесі тіркеуден негізсіз бас тартса, не істеу керек?

Ондай жағдайда пациент Қордың 1406 байланыс орталығы арқылы немесе Qoldau 24/7 қосымша арқылы шағым қалдыра алады.

Жекеменшік медицина ұйымдарына тіркелуге бола ма?

Азаматтар мемлекеттік қана емес, жекеменшік клиникаларға да тіркеле алады. Яғни тіркеу құқығы бар, мемлекеттік тапсырыс алған жеке меншік медициналық ұйымдарға тіркелуге болады. № Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емхана саны – 73, оның жартысына жуығы – жекеменшік.

Егер тіркелген емхана қажетті қызметті көрсетпесе не істеу керек? Басқасына ауысу қажет пе?

Сізге қажетті қызметтердің кей­бірі (консультативтік-диагностикалық қызмет, салалық мамандар қызметі) тіркелген емханада көрсетілмейтін болса, басқасына ауысудың қажет жоқ. Мұндай жағдайда емхана сізге басқа емдеу мекемесіне жолдама беруі тиіс. Жолдама қосымша келісімшарт негізінде беріледі.

Отбасы мүшелерін тіркеудің ережесі қандай? Барлығы бір емханада тіркеуде болу керек пе?

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету отбасылық бақылау қағидатына негізделген. Дәрігерге осы отбасы мүшелерінің салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру, аурулардың алдын алу және емдеу жеңіл болады. Мұндай тәсіл медициналық көмек көрсету кезінде оның сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрғылықты мекен-жайына байланысты емханаға тіркелу керек пе?

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) көрсетудің негізгі қағидаты – аумақтық қолжетімділік болғандықтан, пациенттерге жаяу қолжетімділік шегінде (15-20 минуттық жүру) емханаларға тіркелу ұсынылады. Мұның артықшылығы үйде медициналық көмек алу мүмкіндігі болады.

Жалпы, Сіз емхананы тұрғылықты жеріңіз бойынша емес (бірақ тұрғылықты жеріңіз немесе қала ауданы шегінде) таңдай аласыз. Бұл жағдайда учаскелік дәрігер немесе медбике пациенттің үйіне шақыруына келмейді, өйткені мекен-жайы олардың қызмет көрсету аумағына жатпайды. Сондықтан жақын маңдағы емханаға тіркелу ұсынылады.

Оқылып жатыр

«Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы

Республика күні: Дубайдағы Бурдж-Халифа Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)

Луврдың бағалы заттары енді Францияның алтын қорымен бірге сақталатын болды

Германия АЭС-ін қопарып жатыр, Қазақстан салуға миллиардтар дайындауда. Біз ағысқа қарсы жүземіз бе?

«Ондайды жек көрем»: Роза Рымбаева неліктен тойға шығып, табыс таппайтынын айтты (ВИДЕО)

SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді

Соңғы жазбалар

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі

26 Қазан, 2025

Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы

26 Қазан, 2025

Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

26 Қазан, 2025

Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?

26 Қазан, 2025

«Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы

26 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады

26 Қазан, 2025

Республика күні: Дубайдағы Бурдж-Халифа Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)

26 Қазан, 2025

АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді

26 Қазан, 2025

Луврдың бағалы заттары енді Францияның алтын қорымен бірге сақталатын болды

26 Қазан, 2025

Германия АЭС-ін қопарып жатыр, Қазақстан салуға миллиардтар дайындауда. Біз ағысқа қарсы жүземіз бе?

26 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.