Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды
  • «Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді
  • Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты
  • Трамп пен Путин тағы кездеседі
  • Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті
  • «Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды
  • «Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды
  • Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел мен үсік, төтенше өрт қаупі күтіледі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Адам басына 10 мың доллардан сұрады»: СІМ Таиландта құлдықта болған екі қыздың құтқарылғанын айтты

21 февраля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазір Қазақстаннан тыс елдерде 100-ге жуық отандасымыз құлдықта жүр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Todayinfo агенттігі. 

«Соңғы екі жылда Таиландпен шекарада орналасқан Мьянма, Лоаста 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскен. Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лоас аумағынан 28 қазақстандық шығарылды. Сондай-ақ 60-қа жуық Қазақстан азаматы елшілікке жүгінбей өз күшімен елге оралды. Қазір жоғарыда аталған елдің аумағында 100-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығында отыр деген ақпарат бар», — деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, Айбек Смадияров Таиландта құлдықта болған Қазақстанның екі азаматы (екі қыз – ред.) құтқарылғанын айтты.

«Биыл қаңтар айының соңында Таиландағы консулдыққа «Мен Қазақстанның азаматымын, джунглидің ішіндемін, қай мемлекет екенін білмеймін… Құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер» деген хабарлама түсті. Осылайша, екі Қазақстан азаматы алданып, «алтын үшбұрышта» құлдыққа түсіп қалған», — деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ведомство өкілінің айтуынша, қазақстандық екі қыздың жоғары білімі бар және олар табысы көп жұмыс іздеп барған.

«Бір қызығы, екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Олар интернеттегі хабарламаны көріп, алданып қалған. Сөйтіп, Таиландқа жұмыс істеуге барған.

…Адам басына 10 мың доллардан ақша сұрады. Олардың өзінде де, туыстарында да ақша болмаған. Жергілікті билікпен бірлесіп, бір ай ішінде екі қызды құтқардық. Қазір олар Қазақстанға ұшып келе жатыр. Ақша талап еткен шетелдіктерге бір тиын да берген жоқпыз», — деді СІМ ресми өкілі.

 

адам айтты басына болған доллардан екі мың СІМ сұрады Таиландта қыздың құлдықта құтқарылғанын

Оқылып жатыр

Трамп пен Путин тағы кездеседі

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025

Трамп пен Путин тағы кездеседі

17 Қазан, 2025

Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті

17 Қазан, 2025

«Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды

17 Қазан, 2025

«Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды

17 Қазан, 2025

Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел мен үсік, төтенше өрт қаупі күтіледі

17 Қазан, 2025

Бағалар, айыппұлдар, ипотека бойынша шұғыл шешімдер: Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар жарияланды

17 Қазан, 2025

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.