Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Зардап шеккендер бар: Ақтауда көпқабатты үйде жарылыс болды

28 Қазан, 2025

Атырауда пара алғаны үшін сотталған Бақытгүл Хаменова тойда көзге түсті

28 Қазан, 2025

Степногорскте «Алтын алқа» алған ана марапатталды

28 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Зардап шеккендер бар: Ақтауда көпқабатты үйде жарылыс болды
  • Атырауда пара алғаны үшін сотталған Бақытгүл Хаменова тойда көзге түсті
  • Степногорскте «Алтын алқа» алған ана марапатталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президентін Ақордада қарсы алды
  • Алматыға саф ауа: экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жаңа іс-шаралар
  • Қытайлық кәсіпкерлердің сапары — Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының жаңа белесі
  • «25 жыл бойы қазақтың үнін әлемге танытып жүрсе де, бір жапырақ қағаз бұйырмады»: Қарақат Әбілдина ренішін айтты
  • Путин ЕАЭО-ның күшін жоя ма? № 778 жарлық «контрабандистерге» қалай жол ашады?
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 28 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Биылдан бастап онлайн петициялар үкімет деңгейінде қаралады

2 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2024 жылы сәуір айынан бастап 50 мыңнан астам қазақстандық қолдаған петиция үкімет деңгейінде қаралады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биыл 4 сәуірде «Қоғамдық бақылау туралы» заң күшіне енеді. Құжатта петиция институты реттелген.

Онлайн петиция берудің арнайы платформасы сәуір айында жұмыс істей бастайды. Петицияны міндетті түрде қарау үшін аудандық, облыстық және республикалық деңгейде дауыс шегі болады. Сол шекті мәнге жеткен петиция ғана қолдау тапты деп саналады.

Петицияны аудан әкімдігі қарау үшін 2,5 мыңнан астам қол жинау қажет. Ал аудандық мәслихат қарау үшін 5 мың адамның қолдауы керек.

Облыстық деңгейде қарастырылатын петиция үшін облыс халқының 1 пайызынан астамының қолы қажет. Егер облыс тұрғындарының 2 пайызы қолдаса, онда облыстық мәслихат қарайды.

Ал петицияны қолдаушылар саны 50 мың адамнан асса, ол үкімет деңгейінде қаралады.

Петицияны электронды түрде де, жазбаша да беруге болады.

Петиция арқылы шенеуніктерді отставкаға жіберуге бола ма?

«Қоғамдық бақылау туралы» заңда петицияда қаралмайтын мәселелер туралы 17 тармақша бар.

Мәселен, президент пен парламенттің қызметке тағайындайтын адамдарына петиция қарастырылмайды. Сондай-ақ қазақстандықтар республикалық басқару нысанын, әкімшілік-аумақтық құрылымды, шекараны өзгерту, сот төрелігі, рақымшылық, ұлттық қауіпсіздік, тіл мәселесі және тағы басқалары бойынша петиция бере алмайды.

Петицияны қарау барысында мемлекеттік орган жұмыс тобын құрады, қоғамдық талқылау жасайды, халықаралық тәжірибені зерделейді. Содан кейін ғана барып шешім шығарады.

Петиция бойынша шешімді мемлекеттік органның бірінші басшысы ғана бере алады. Шекті мәнге жетпеген петициялар үндеу ретінде қарастырылады.

Оқылып жатыр

Зардап шеккендер бар: Ақтауда көпқабатты үйде жарылыс болды

Атырауда пара алғаны үшін сотталған Бақытгүл Хаменова тойда көзге түсті

Қытайлық кәсіпкерлердің сапары — Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының жаңа белесі

Қазақстанның 16 өңірінде мәслихат депутаттарының сайлауы өтті

Түркияда 6.1 магнитудалы жер сілкінісі: 19 адам зардап шекті, Ердоған мәлімдеме жасады

Трамп Жапонияға келді: Императормен кездесті, енді «George Washington» авиатасымалдағышында сөз сөйлейді

Соңғы жазбалар

Зардап шеккендер бар: Ақтауда көпқабатты үйде жарылыс болды

28 Қазан, 2025

Атырауда пара алғаны үшін сотталған Бақытгүл Хаменова тойда көзге түсті

28 Қазан, 2025

Степногорскте «Алтын алқа» алған ана марапатталды

28 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президентін Ақордада қарсы алды

28 Қазан, 2025

Алматыға саф ауа: экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жаңа іс-шаралар

28 Қазан, 2025

Қытайлық кәсіпкерлердің сапары — Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының жаңа белесі

28 Қазан, 2025

«25 жыл бойы қазақтың үнін әлемге танытып жүрсе де, бір жапырақ қағаз бұйырмады»: Қарақат Әбілдина ренішін айтты

28 Қазан, 2025

Путин ЕАЭО-ның күшін жоя ма? № 778 жарлық «контрабандистерге» қалай жол ашады?

28 Қазан, 2025

«Ұлт өкілдеріне тіл тигізген»: Қырғызстан танымал боксшы Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жариялады

28 Қазан, 2025

Тоқаев чех халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

28 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.