Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі

26 Қазан, 2025

Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы

26 Қазан, 2025

Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

26 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі
  • Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы
  • Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
  • Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?
  • «Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы
  • Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады
  • Республика күні: Дубайдағы Бурдж-Халифа Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)
  • АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 26 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматы облысында жаңа су электр станциясы іске қосылды

23 февраля, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысының Райымбек ауданында «Орта Қақпақ» су электр станциясы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Оның номиналдық қуаттылығы 2,2 МВт. Құрылысы 2021 жылы басталған жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңге. Айта кету керек, бұл Алматы облысының Райымбек ауданындағы құны 1 млрд теңгеден асатын ең ірі инвестициялық жоба. «Орта Қақпақ» су электр станциясы жылына 13 млн КВт электр қуатын өндіреді. Мұндағы су құбырының ұзындығы 4 шақырым. «Қайнар» қосалқы станциясына ұзындығы 12 шақырым болатын 10 КилоВольттық желі тартылған. Өндірілген қуат көзі сол арқылы таратушы компанияға жеткізіліп, одан ары тұтынушыларға беріледі.

«Біздің облыс мынау баламалы энергетикаға өте ыңғайлы. Жел жағынан болсын,күн жағынан болсын, су жағынан болсын жақсы. Сол себептен оны дамытуға тиістіміз. Ол экологияға да, адамға да, бәріне пайдалы» — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Жобаны жүзеге асыру барысында 45 адам жұмыспен қамтамасыз етілсе, енді автоматты түрде басқарылатын заманауи су электр станциясында 4 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс істейді.

«Алматы облысының дамуына өз үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын және, әрине, біздің инвестициялар қоғамға пайдалы болады деп үміттенемін.Жоба бастапқыда 1,2 млрд теңгеге бағаланғанына қарамастан, инфляцияға байланысты оның құны 1,5 млрд-қа дейін өсті. «Біз бұл міндеттерді сәтті орындадық. Қуаттылығы жылына 13 миллион кВт/сағ болатын жоба тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның үстіне стансаның қуаты су деңгейінің өзгеруіне бейімделеді. Әрине, мен үміттенемін. инвестиция облыс халқы мен экономикасына айтарлықтай пайда әкеледі» — деді  жобаның инвесторы әрі жетекшісі Жанұзақ Қонаев.

Бұл серіктестіктің құрылтайшылары Жанұзнақ Қонаев пен «ТекесЭнерго» ЖШС директоры Естай Ысқақов. Су электр стансасының құрылысын «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «DAMU» инвестициялық қорының қолдауымен осы жобаға қатысушы «Tekes Energy» ЖШС қаржыландырды.

Оқылып жатыр

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі

Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы

Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

Соңғы жазбалар

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі

26 Қазан, 2025

Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы

26 Қазан, 2025

Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

26 Қазан, 2025

Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?

26 Қазан, 2025

«Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы

26 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады

26 Қазан, 2025

Республика күні: Дубайдағы Бурдж-Халифа Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)

26 Қазан, 2025

АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді

26 Қазан, 2025

Луврдың бағалы заттары енді Францияның алтын қорымен бірге сақталатын болды

26 Қазан, 2025

Германия АЭС-ін қопарып жатыр, Қазақстан салуға миллиардтар дайындауда. Біз ағысқа қарсы жүземіз бе?

26 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.