Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
  • Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты
  • Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті
  • СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды
  • Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)
  • «Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды
  • Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды
  • Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 6 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Екі баласын айуандықпен өлтірді деген күдікті видео мен хат жазып қалдырған

Екі баласын айуандықпен өлтірді деген күдікті видео мен хат жазып қалдырған

10 января, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда екі ұлын пышақтап ажал құштырған қатігез әкеге қатысты тың мәліметтер белгілі болды. Марқұмдардың туыстары қаскөйдің мұндай қылмысқа қызғаныштан барғанын айтып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Өйткені екеуінің арасындағы жанжан ешқашан үзілмеген дейді. Тіпті ажырасуға дейін барыпты. Ақыр соңында күйеуі бүкіл өкпе-назын қағаз бетіне түсіріп, балаларын өлтіріп, өш алмақ болыпты-мыс.

Қайғылы оқиға Райымбек даңғылы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйде болған. Екі бүлдіршіннің өмірі осы пәтерде қиылды. Арнайы белгі де әлі тұр. Өткен бейсенбіде қатігез әке №30 пәтерді бір тәулікке жалдап, өзінің екі баласын кіргізеді. Болжам бойынша сол үйде балаларын пышақтап тастаған.

Өлерінде жанұшыра шыңғырған балайқалардың дауысын көршілер естіпті. Бірақ ешкім айтарлықтай мән бермеген. Өйткені бұл пәтер жалға берілетін болған соң, кім көрінген кіріп-шығып, әрқайсысы ылаң салып кетеді екен.

«Бұл пәтер сағатына да, тәулігіне де беріледі. Әйтеуір түрлі адамды көреміз. Ылғи у-шу. Жалға алушылар шыңғырып, неше түрлі істейді. Иесі өз пәтерін бақылауда ұстамауынан осындай оқиға болып отыр», — дейді тұрғындардың бірі Валерий.

Әкесі мен балаларының бір дастарқан басында отырған суретіне қарап, бұлай болады деп ешкім ойламаған. Кішісі Рафаэльдің дәм -ұзы небәрі 9 жасында таусылып отыр. Үлкені Ринат 12 жаста. Сол күні әкесі менингитпен ауырған кіші баласын ауруханаға апарамын деген желеумен үйден алып кеткен.

«Пәтерде ол балаларды тамақтандырып, теледидарды қосып берген. Өзі 3-4 бет хат жазған. Осыдан кейін ұлдарына кіріскен. Біреуінің аузынан құлағына дейін кесіп тастаған. Екеуінің мойны кесілген. Көршілер бір баланың балконға шығып «көмектесіңдер» деп айқайлағанын естіген екен. Ақыр соңында өзіне пышақ сұғып, жансақтау бөліміне түсті. Қазір ауруханада жатыр», — деді марқұмдардың әжесі Валентина Осина.

Мұндай жауыздыққа баруын марқұмдардың әжесі қызғаныштан ба деп күдіктенеді. Өйткені қызы мен күйеу баласының арасындағы жанжал таусылмаған. Осыдан 9 жыл бұрын ажырасыпты. Бірақ заңды түрде ажырасса да, үйден кетпей қойды деп отыр. Соңында тіпті қайда, кіммен жүргенін бақылап отырған.

«Бір ай бойы қызыма қоңырау шалып, «сен менің көзіме шөп салып жүрсің, неше түрлі ер адамдарды үйге кіргізесің» деп мазасын алатын. Тіпті қызғаныштан үйге бақылау камерасын орнатып, телефонына арнайы қосымша жүктеп, сол арқылы қайда жүргенін біліп отыратын. Бірақ менің қызым күйеуіне ешқашан опасыздық жасамаған», — деді марқұмдардың әжесі Татьяна Негрей.

Өз баласын ажал құштырған 38 жастағы ер адамның тұрақты жұмысы болмапты. Әйелінің арқасында күн көріп жүрген дейді. Жұбайы мейірбике болып жұмыс істейді. Қазір аталмыш оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

«Аталмыш дерек бойынша Алмалы ауданы ПБ қызметкерлері ҚК 99-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптама, зерттеу тағайындалды. Болған қылмыстың толық мән-жайы анықталып жатыр», — деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Заңға сәйкес, енді қаскөй кемі 20 жыл немесе өмір бойына дейін темір торға тоғытылуы мүмкін. Екі ұлын өз қолымен өлтірген қатігез әкенің ең қатаң жазаға тартылуын бүкіл туыстары талап етіп отыр.

Бұған дейін Алматыда ер адам екі ұлын өлтірді деген күдікке ілінген еді.

фото: ашық дереккөзден

Todayinfo.kz

Оқылып жатыр

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)

«Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды

Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады

Соңғы жазбалар

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025

СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды

6 Қыркүйек, 2025

Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)

6 Қыркүйек, 2025

«Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды

6 Қыркүйек, 2025

Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

6 Қыркүйек, 2025

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

6 Қыркүйек, 2025

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

6 Қыркүйек, 2025

Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады

6 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.