Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

12 Қыркүйек, 2025

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

12 Қыркүйек, 2025

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

12 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
  • Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты
  • Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
  • «Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады
  • «Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды
  • ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады
  • «Бәрін көре тұра үндемеген»: Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды
  • Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 12 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Шымбұлақта өтетін халықаралық жарысқа әлемнің 25 елінен журналистер қатыспақ  

Шымбұлақта өтетін халықаралық жарысқа әлемнің 25 елінен журналистер қатыспақ  

29 февраля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанға әлемнің 25 елінен 150-ге жуық журналист жиналмақ. Олар 3-6 наурызында Алматыда өтетін  SCIJ (Халықаралық журналистердің шаңғы клубы) халықаралық клубының 69-шы отырысына қатысып, үш күн қатарынан өзара жарысқа түспек, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Клуб президенті қызметін канадалық Фредерик Уоллас, ал бас хатшы ретінде бельгиялық Бруно Шмиц атқарады. Клубтың негізін 1955 жылы саяси қайшылықтарды жеңу үшін спортты пайдалану идеясын ұсынған журналист және шаңғышы француз Жиль де Ла Рок қалаған.

Жыл сайын клуб мүшелері әлемнің әр елінде өзара жарыс өткізіп, кәсіби және саяси мәселелерді талқылау үшін жиналады. 2023 жылы бұл шара Канадада Marble Mountain шипажайында өтсе, 2024 жылы Алматыда «Шымбұлақ» тау курортында өтпек.

«Біз SCIJ халықаралық отырысын өткізу құқығын 2020 жылы жеңіп алдық. Бірақ пандемияға байланысты оны 2021 жылдан 2024 жылға ауыстыруға тура келді. Халықаралық клубтың қазақстандық филиалының журналистері шетелдегі әріптестерінің елімізде ерекше әсер алып кетуі үшін көп күш жұмсауда», — деді SCIJ Қазақстан президенті Ирина Баженова.

SCIJ (Халықаралық журналистердің шаңғы клубы) 31 ел мен үш континенттен үш мыңнан астам белсенді журналистерді біріктіреді.Кездесуде саяси және кәсіби тақырыптар талқыланады. Кездесу өткізген елдің жетістіктері, салт-дәстүрлері, мәдениеті мен ұлттық тағамдарымен танысады. Қысқасы, әр елдің журналистері бір-бірімен етене танысуға мүмкіндік алады.

Кездесудің басты себебі журналистер арасындағы тау және шаңғы жарысы болмақ. Кездесуді өткізудегі серіктестер «KazakhTourism» ұлттық компаниясы мен «Шымбұлақ» тау курорты.

SCIJ клубына Қазақстан 2013 жылы қабылданды, содан бері қатысушылар саны 45 адамға дейін өсті. Клубтың қазақстандық бөлімі халықаралық іс-шараларға қатысу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы қысқы спорт түрлерін, еліміздің туристік әлеуетін және жетістіктерін белсенді түрде насихаттайды. Биыл елімізде бірінші рет өткізіліп жатқан жарыс  шетелдік журналистер арқылы Қазақстанның туристік әлеуетін насихаттап, қазақтың салт-дәстүрін көрсетуге мүмкіндік болмақ.

Оқылып жатыр

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

Тұрақсыздық периметрі: әлемдегі эскалация ошақтары

Мәжілістің абыройын түсірген: бір топ депутат Ардақ Назаровпен жабық форматта әңгіме өткізбек

«Жігітше кетіп қалсаңдаршы!»: Қуат Хамитов депутат Ардақ Назаровқа Парламенттен кетуге кеңес берді (ВИДЕО)

Парламенттік республикаға айналу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ – Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жазбалар

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

12 Қыркүйек, 2025

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

12 Қыркүйек, 2025

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

12 Қыркүйек, 2025

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

12 Қыркүйек, 2025

«Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды

12 Қыркүйек, 2025

ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады

12 Қыркүйек, 2025

«Бәрін көре тұра үндемеген»: Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды

12 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде дәрігерді қатыгездікпен өлтіру ісі: сотта сұмдық деректер жарияланды

12 Қыркүйек, 2025

АҚШ-тағы еңбек статистикасы дауы бүкіл әлемге әсер етуі мүмкін

12 Қыркүйек, 2025

«Алма» индексі: Қазақстанда жаңа iPhone 17 үшін қанша күн жұмыс істеу керек?

12 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.