Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Бұл өте маңызды мәлімдеме»: Пашинян Тоқаевқа алғыс айтты

22 Қазан, 2025

«Бөтен тілді қоя тұр»: Санжар Керімбай бала 13 жасқа толғанша қазақша өсірген дұрыс екенін айтты

22 Қазан, 2025

Президент кортежі кесірінен жүкті әйел ауруханаға жете алмай қаза тапты

22 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бұл өте маңызды мәлімдеме»: Пашинян Тоқаевқа алғыс айтты
  • «Бөтен тілді қоя тұр»: Санжар Керімбай бала 13 жасқа толғанша қазақша өсірген дұрыс екенін айтты
  • Президент кортежі кесірінен жүкті әйел ауруханаға жете алмай қаза тапты
  • Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған II Шахмат олимпиадасы жалғасуда: екінші турдың қорытындылары
  • «Мұны қалайша қылмыс деуге болады?»: Атырау тұрғыны «жалған стоматологиялар» ісі бойынша президентке үндеу жасады
  • Жаңаарқада Президент Жолдауындағы міндеттерді орындау тетіктері талқыланды
  • Жетісуда Республика күні қарсаңында ескерткіштер жаңғыртылып, жаңа сквер ашылды
  • Цифрландыру және халықпен диалог – Президент кеңесшісі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 22 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ілияс Жансүгіровтің қызы қайтыс болды

15 января, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2024 жылдың 14-қаңтарында 89-ға қараған шағында ақын Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитованың қызы, қоғам қайраткері Санжар Жандосовтың жұбайы, дарынды ұстаз, қайсар әйел Ильфа Ілиясқызы Жандосова-Жансүгірова өмірден озды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Ильфа Ілиясқызы 1935 жылы 29-мамырда Алматыда туған, бірақ 1937 жылы, небары 2 жасынан бастап, «халық жауы отбасының» мүшесі ретінде астанадан аластатылып, бүкіл Қазақстан даласын аралап, көшіп кетуге мәжбүр болды, соғыс жылдарында Жамбыл облысының Меркі ауылында тұрақтады.

Тек 1950-жылдардың басында ғана Алматыға қайта оралған Ильфа Жансүгірова Шет тілдері институтына оқуға түседі, оны бітірген соң Қ.Сәтпаев атындағы политехникалық институтта, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институында неміс тілі пәнінің оқытушысы болып, ҚазССР Педагогикалық қоғамының Ғалым хатшысы, сонымен қатар ҚазССР Ғылым академиясының шет тілдер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

«1958 жылы Ильфа Ілиясқызы Санжар Оразұлы Жандосовқа тұрмысқа шығады, екеуі бес баланы өсірді. Ильфа Жандосова тек батыр ана, жоғары білікті ұстаз ғана емес, 34 жыл ғұмырын бірге өткізген өмірлік қосағы, 1992 жылы қайғылы қазаға ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткері С.Жандосовтың сенімді серігі де бола білді. 1999 жылы ол Ілияс Жансүгіров қоғамдық қорын құрып, оның жұмысын өзі басқарды. Қор Ілияс пен Фатима Ғабитованың шығармашылық мұрасын жинақтап, зерделеп, аударып, басып шығарды, мектептер мен музейлерге қамқорлық көрсетіп отырды.

И.Жандосова-Жансүгірова «Тағдырымның іздері» атты естеліктер жинағын шығарды. Өмірінің соңғы сағаттарына дейін Ильфа Ілиясқызы Қазақстандағы азаматтық қозғалыстар мен олардың белсенділерін қолдаумен өтті», — деп жазды Жанар Жандосова.

Todayinfo.kz

Оқылып жатыр

«Бөтен тілді қоя тұр»: Санжар Керімбай бала 13 жасқа толғанша қазақша өсірген дұрыс екенін айтты

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған II Шахмат олимпиадасы жалғасуда: екінші турдың қорытындылары

«Мұны қалайша қылмыс деуге болады?»: Атырау тұрғыны «жалған стоматологиялар» ісі бойынша президентке үндеу жасады

Экс-шенеунік Бауыржан Байбек немен айналысып жүр?

«Сатылып кеткен сәбилер»: Америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы қара нәсілді қызға үйленді

«Тазша бала желіні жарып жатыр»: белгілі журналист Ардақ Назаровты тағы сынға алды

Соңғы жазбалар

«Бұл өте маңызды мәлімдеме»: Пашинян Тоқаевқа алғыс айтты

22 Қазан, 2025

«Бөтен тілді қоя тұр»: Санжар Керімбай бала 13 жасқа толғанша қазақша өсірген дұрыс екенін айтты

22 Қазан, 2025

Президент кортежі кесірінен жүкті әйел ауруханаға жете алмай қаза тапты

22 Қазан, 2025

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған II Шахмат олимпиадасы жалғасуда: екінші турдың қорытындылары

22 Қазан, 2025

«Мұны қалайша қылмыс деуге болады?»: Атырау тұрғыны «жалған стоматологиялар» ісі бойынша президентке үндеу жасады

22 Қазан, 2025

Жаңаарқада Президент Жолдауындағы міндеттерді орындау тетіктері талқыланды

22 Қазан, 2025

Жетісуда Республика күні қарсаңында ескерткіштер жаңғыртылып, жаңа сквер ашылды

22 Қазан, 2025

Цифрландыру және халықпен диалог – Президент кеңесшісі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

22 Қазан, 2025

«1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды»: Белгілі продюсер кино түсіріп жүргенде ұстаған полицейлердің әрекетіне ашулы

22 Қазан, 2025

«Ақша тым көп»: Ұлттық банк Қазақстандағы инфляцияның басты себебін атады

22 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.