Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ресейде президент сайлауы басталды

15 марта, 2024 Саясат
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін, 15 наурызда Ресейде президент сайлауы басталды. Саяси дода 17 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20.00-де аяқталады. Осы уақыт аралығында Ресей Федерециясының елде және шетелде тұрып жатқан азаматтары президенттікке үміткер адамға дауыс беріп, келесі алты жылға ел басшысын таңдайды.

Президент сайлауы Ресейдің барлық жерінде жергілікті уақытқа қарай сағат 08.00-де басталды. Қазір қолда бар мәліметке қарағанда, 94 мың сайлау учаскелері ашылған. Биылғы саяси додаға елдің қазіргі президенті Владимир Путин, «Новые люди» партиясынан Владислав Даванков, РФ Либерал-демократиялық партиясынан  Леонид Слуцкий мен РФ Комунистік партиясынан Николай Харитонов түсіп жатыр.

ТАСС агенттігі хабарлағандай, 25 ақпан мен 14 наурыз аралығында Ресейдің алыс жерлері мен әскери бөлімдерінде алдын ала сайлау ұйымдастырылды. Сонымен бірге 51 елде сайлау учаскелері ашылып, Ресей азаматтары дауыс берді.

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Элла Памфелова Украинадағы соғыста қаза тапқан жауынгерлердің атынан олардың жақындары мен қаруластары да дауыс бере алатынын мәлімдеді. Ол қаза тапқан адамдарды тізімнен өшіре алмайтынын ашық айтты. Оның айтуынша, қаза тапқан жауынгерлер Путин үшін жанын берген. Сондықтан «Единая Россия» партиясы олардың көзі тірі кезіндегі арман-мақсатын кез келген уақытта орындауға дайын. Ал Ресейдің орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткер болған саясаткер Борис Надеждинді президент сайлауына жібермеді.

ОСК мәліметіне қарағанда, Надеждин – 104 998 қол, ал Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путин – 315 мың қол тапсырған.

Ішкі істер министрлігі тексерісінен соң Надеждин жинаған 858 қол жарамсыз деп танылды. ОСК оған қол қойғандар арасында қайтыс болған 11 адамның аты-жөні бар деп мәлімдеді. Содан кейін Орталық сайлау комиссиясы Надеждинге қол жинаған екі адам сайлау заңнамасын бұзып, 360 қол жинағанын айтты. Сол себепті ОСК Борис Надеждиннің жинаған 95 587 қолын ғана жарамды деп таныды. Ал ттіркелу үшін 100 мың қол қажет болған.

Надеждин Ресейдегі Украинадағы соғысқа қарсы шығып жүрген санаулы саясаткердің бірі ғана.  Ол президент болып сайланған жағдайда соғысты тоқтатып, мобилизациямен соғысқа жіберілген адамдарды елге қайтаратынын айтқан болатын.

 

басталды президент Ресейде сайлауы

Оқылып жатыр

Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті

Путин Әлиевке AZAL ұшақ апатына кінәсін мойындады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың АҚШ-тағы кездесуінің фотосуреті жарияланды

Билік үні қалай өзгерді: Назарбаевтан Тоқаевқа дейінгі саяси дискурстың трансформациясы

Саяси күштер өзгеріске дайын ба: Елдегі 7 партия жарғысындағы идеологиялық бағыттарға шолу

Қазақстан — Ресей мен Украина арасындағы соғыста делдал емес: Тоқаевтың мәлімде жасады

Соңғы жазбалар

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.