Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

СҚО-да республикалық маңызы бар автожолды бес жерден су шайып кетті

5 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Солтүстік Қазақстан облысында «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» республикалық маңызы бар автомобиль жолын бес жерден су шайып кетті. Қазіргі уақытта су басқан учаскеде кезекшілік ұйымдастырылып, арнайы белгілер қойылды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі сағат 11.00-дегі мәлімет бойынша «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» Р-59 республикалық маңызы бар автожолының 20 км-ден 39 км-ге дейінгі аралығындағы учаскелерді су шайды. Көліктердің өтуіне шектеу қойылған жоқ, су алған учаскелердің ұзындығы 500-150 метр аралығында, тереңдігі негізінен 10-15 см, тек бір жерде ғана 35 см-ге дейін жеткен.

«Бұл учаскеде 3 су өткізгіш құбыр бар. Қазіргі уақытта 8 техника және 10 адам жұмыс істеп жатыр. Жол белгілері мен сигнал бағандары қойылған. Инертті материалдан бөгет жасалып, сондай-ақ суды бұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал, Рощинское елді мекенінен Волошинкаға дейін 0-47 км учаскеде 4 сәуір сағат 16.15-тен бастап шектеу енгізілді. Жол полициясының бекеттері қойылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған», — дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ директорының орынбасары Қанат Өсербаев.

Сондай-ақ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимское ауылының тұрғын үйлерін су басу қаупіне байланысты 4 сәуір сағат 16:20-да тасқын суды өткізу үшін «Жезқазған-Петропавл» А-16 республикалық маңызы бар автомобиль жолының 706 км учаске ашылды. Бұл учаскеде 2*2 өлшемді құбыр бар, ол 100% жұмыс істеп тұр, бірақ, ағын суды өткізіп үлгермей жатыр.

«Осыған орай «Жезқазған-Петропавл» автожолының 701-706 км-де көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Жол полициясының бекеттері қойылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта түнгі суыққа байланысты су деңгейі төмендеді, су деңгейі үнемі бақылауда, кейін ашылған жолға 1 метрлік су өткізгіш құбыр қойылып, жабылатын болады», — дейді оқиға орнында жүрген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ директоры Ақылбек Қабылдин.

 

автожолды бар Бес жерден кетті маңызы Республикалық су СҚОда шайып

Оқылып жатыр

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.