Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

12 Қыркүйек, 2025

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

12 Қыркүйек, 2025

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

12 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады
  • «Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты
  • «Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады
  • Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
  • Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты
  • Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды
  • «Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады
  • «Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 13 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Жайық өзенінде су 7 метрге көтерілді»: БҚО әкімі тұрғындарға үндеу жасады

«Жайық өзенінде су 7 метрге көтерілді»: БҚО әкімі тұрғындарға үндеу жасады

6 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындарға үндеу жолдады. Өңір басшысы қалыптасқан аухуалды айтып, су тасқынымен күрестің тоқтаусыз жүргізіліп жатқанын және қауіптің әлі сейілмегенін хабарлады.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің сөзінше, өңірдегі бес ауданды тасқын су басып қалған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Облысы әкімі Орал қаласындағы ахуаллың да күрделі екенін мәлімдеді.

«Құрметті батыс қазақстандықтар! Қазіргі уақытта өздеріңізге белгілі өңірімізде су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ.Тасқын судың салдарынан өңіріміздің 5 ауданында және Орал қаласында бірнеше тұрғын үйлерді су басқан болатын. Бұдан бөлек, Орал қаласы маңындағы саяжайларға да су кірді. Жалпы облыс бойынша 7 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 3 мыңнан астамы балалар», — деді БҚО әкімі.

Эвакуациялық пункттерде қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Су тасқынынан зардап шеккендерге мыңдаған еріктілер көмек көрсетуде. Тұрғындарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен киім-кешектер жеткізілуде. Кезекшіліктер ұйымдастырылып, оқушы балаларға оқу процестері онлайн форматта өтіп жатыр. Әкім көрші Ресей федерациясынан келетін судың мол әрі қауіпті екенін ескертті.

«Біз өз тарапымыздан тұрғындардың қажеттіліктерін ескеріп, барлық қажетті жағдайларды жасайтын боламыз. Құрметті жерлестер!
Облысымызға жақын Ресейдің Саратов және Орынбор облыстарындағы су қоймаларынан көп мөлшерде су жіберілуде. Бұл 30 жыл бұрын болған жағдайдан да күрделі. Атап айтқанда, Саратов облысындағы Приузен су қоймасынан Қараөзенге секундына 431 текшеметр су түсуде», — деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта су тасқының екінші кезеңі басталды. Кеше Ресейдің Орск қаласында дамба бұзылып, елді мекендер мен тұрғын үйлер зардап шекті. Бұл БҚО да қауіп төндіруі мүмкін.

«Өйткені, Орынбордың Ириклинск су қоймасынан секундына 2170 текшеметр су жіберілуде. Бұл сулар жақын уақытта облысымыздың Жайық өзені арқылы өтіп, Каспийге бет алады. Қазіргі уақытта Жайықтағы су деңгейі 7 метрге жуық көтерілді. Бұл қауіпті мөлшерге жақындай түсті. Осылайша, өзен суы арнасынан тасып, Оралдағы 1-ші, 2-ші, 3-ші саяжайларға су кіріп жатыр. Сондықтан қала тұрғындарының түсіністік танытуларын сұраймыз», — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Ресейдің Илек ауданынының тұсында өзен суларының қауіпті деңгейі 890 см болса қазіргі уақытта 855 смге жетті.

» 1-ші, екінші, үшінші саяжай тұрғындары қала әкімдігі бекіткен эвакуациялық пункттерге немесе өздері қалаған қауіпсіз жерлерге көшулері тиіс. Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына су тасқыны жағдайы бойынша үндеу жариялап, апаттан зардап шеккен әр тұрғын көмексіз қалмайтынын атап өтті. Сондықтан біз үшін жерлестеріміздің қауіпсіздігі бірінші орында деген болатын. Біз су тасқыны басталғаннан бері тасқынның алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтілген режимде атқарудамыз. Қалаға жақын Жайық өзенінің көтерілуіне байланысты, оның іргесін бекітіп, қапшықтармен құм төсеп және т.б сақтық шараларын іске асырып жатырмыз. Осындай қиын уақытта облыс жұртшылығы табиғи апаттан зардап шеккен жерлестерімізге жан-жақты қолдау көрсетіп, ауызбіршіліктерін танытуда. Қазіргі су тасқыны болған елді мекен тұрғындарына өңір кәсіпкерлері, қоғамдық бірлестіктер, бюджеттік мекемелер, еріктілер және қарапайым облыс тұрғындары қол ұшын созуда.

Төтенше жағдай, коммуналдық қызмет, күштік құрылымдар мамандары мен еріктілерге, сондай-ақ, жерлестеріме көмектері үшін зор алғысымды білдіремін!

Осынау қиын кезеңде сабырлық сақтап, бір-бірімізге қолдау көрсетуді жалғастырайық!

Сондай-ақ, су тасқыны бойынша қалыптасқан жағдай бойынша барша тұрғындар мен БАҚ өкілдерінің тек ресми ақпарат көздеріне сенулерін сұраймын!» — деді Батыс Қазақстан облысының әкімі.

Оқылып жатыр

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

Соңғы жазбалар

«Талқылайтын бұдан да маңызды мәселе көп»: Ардақ Назаров өзін айыптап жатқан көпшілікке үндеу жасады

12 Қыркүйек, 2025

«Мен үшін қазір жаңа кезең басталды»: Танымал блогер хиджабын шешіп, көпшілік алдына шықты

12 Қыркүйек, 2025

«Батырымыздың рухы шат болғай»: Белгілі кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына пәтер сыйлады

12 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

12 Қыркүйек, 2025

Адам өлімі бар: Алматы облысында оқушылар отырған автобус жеңіл көлікпен соқтығысты

12 Қыркүйек, 2025

Алматыдан 184 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

12 Қыркүйек, 2025

«Ата-ананың мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар»: Жанқош Тұраров ағасы Ардақ Назаровты қолдады

12 Қыркүйек, 2025

«Туған ұлым зорлады»: Таразда 41 жастағы келіншек полицияға арыз жазды

12 Қыркүйек, 2025

ФБР Чарли Кирктың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады

12 Қыркүйек, 2025

«Бәрін көре тұра үндемеген»: Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды

12 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.