Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Еліміздегі су қоймалары тасқынға төтеп беріп жатыр ма

8 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

[ad_1]

 Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева ел аумағындағы су қоймаларының қазіргі жағдайымен таныстырды.

Қостанай облысы

Қостанай облысының Қаратомар су қоймасынан секундына 3250 текше метр су жіберіліп, 99% толды. Су қоймасы транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр, су жіберу көлемі ұлғаюы мүмкін. Қостанай облысында су тасқыны жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта министрлік пен әкімдік қызметкерлері су жіберу бойынша бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 3820 текше метр су жіберіледі. Петропавл су қоймасынан секундына 73 текше метр су жіберіліп жатыр, екі су қоймасы да 100% толды. Облыста су тасқыны жалғасып жатыр. Қазір бұл өңірде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су өткізуді реттеу жұмысын жеке қадағалап жүр.

Ақмола облысы

Астана су қоймасы транзиттік режимге көшті. Қазір секундына 400 текше метр су жіберіліп жатыр және сол көлемде тағы су келіп жатыр. Ақмола облысының Селетин су қоймасынан секундына 150 текше метр су жіберіледі, қазір су қоймасы 99,4% толды.

Батыс Қазақстан облысы

Өңірде әлі күнге дейін Шаған өзені деңгейінің көтерілуі байқалады, мұнда секундына 680 текше метр су жіберіліп жатыр, Деркөл өзені бойынша су деңгейі төмендеді. Жайық өзенінде су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің ресейлік әріптестерімен алмасып жатқан деректеріне сүйенсек, бүгінде Ириклин су торабынан секундына 1680 текше метр су жіберіледі. Ең жоғарғы қарқын 4 сәуірде болған, секундына 2600 текше метр.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің қызметкерлері Батыс Қазақстан және Атырау облыстары әкімдіктерінің мамандарымен бірге Жайық өзенінің арнасын тазарту және су басуды азайту үшін кептелістің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Ақтөбе облысы

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының су қоймасында жағдай тұрақты. Нысан 97% толды, секундына 50 текше метр су жіберіліп жатыр. Қарғалы су қоймасы транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Су қабылдау және өткізу көлемі секундына 350 текше метр.

Шығыс Қазақстан облысы

Келесі аптаның басында Шығыс Қазақстан облысының су қоймаларында су тасқыны белең алады деп болжанып отыр. Бұқтырма су қоймасына күтілетін орташа ағын 1780-2720 млн текше метр, Шүлбі су қоймасына – 2380-3730 млн текше метр.

Сонымен қатар Ертіс өзені бойынша су ағыны болуы мүмкін. Сондықтан Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында әкімдіктер мен Су ресурстары және ирригация министрлігінің қызметкерлері су өткізу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шараларды атқарып жатыр.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының су қоймаларында су тасқынының шарықтау кезеңі өтті, су қоймалары транзиттік режимге көшті. Су қоймалары арқылы өзендердің ағынын реттеу нәтижесінде Қарағанды облысындағы су қоймаларынан төмен орналасқан елді мекендерді су басу қаупі барынша азайды.

«Бүгінгі таңда негізгі күш өзендердің ағынын реттеу және тасқын суын өткізу үшін барлық гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық су шаруашылығы нысандарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су шаруашылығы жағдайына сағат сайын мониторинг жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ су қоймаларынан су жіберу жөніндегі соңғы мәліметтер әкімдіктер және жедел штабқа сағат сайын жіберіліп жатыр», — деп толықтырды аталған ведомствоның ресми өкілі М.Абдуалиева.

[ad_2]

Дереккөз: ҚазАқпарат

беріп Еліміздегі жатыр ма су тасқынға төтеп қоймалары

Оқылып жатыр

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.