Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Атырау облысында өзін-өзі өртеп жіберген адам қайтыс болды

18 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Атырау облысында өзін-өзі өртеген ер адам жансақтау бөлімінде ес жимастан көз жұмды.

Доссор кентінде өзін өртеп жіберген 62 жастағы Біржан Баетов жансақтау бөлімінде 3 күн жатып, сол күйі есін жимаған. Ол 17 қаңтарда таңғы сағат 5 шамасында көз жұмды. Еске сала кетсек, денесінің 70%-ын күйік шалған еді.

Атырау облысының полиция департаменті ер адамның өзін өртеуіне отбасындағы жанжал әсер етті деп мәлімдеген болатын. Алайда жақындары мен көршілері бұған келіспейді. Әйелінің айтуынша, ол мұндай қадамға жоқшылықтан әбден қажығандықтан барған.

Марқұм – көпбалалы әке. Артында 2 ұлы, 4 қызы қалды. Өндірісте қолы жарақаттанып, 3-топ мүгедектігін алған. Көше тазалап, мал бағумен айналысқан, аула да сыпырған. Тұрақты жұмысы болмай, кейін жұмыссыздар есебінде тұрған.

Әкімдік берген жалдамалы үйіне несиеге жиһаз бен түрлі зат сатып алған. Екі қызын ұзатқанда да қарызға батқан көрінеді.

Бізге қиын болып кетті. Бала-шағаға да жеткізе алмай, тамақты да несиеге, қарызға алдық. Қарызды қайтадан беремін. Сөйтіп қиын жағдай болып кетті. Жолдасым да, мен де қиналып кеттік. Жұмысым да тұрақты болмады. Екеуміз арасында осылай жанжалдасып, ұрысып қалатынымыз бар. Сол қиындықты жолдасым көтере алмады, — дейді әйелі Азаттық радиосына берген жауабында.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қалада мыңдаған адам үйдегі қариялардың зейнетақысына, мұғалім немесе тәрбиеші болып істейтін әйелдердің жалақысына күнелтіп отыр. Себебі елді мекенде одан басқа жұмыс жоқ.

«Бұл кісінің қазасы жайлы неше түрлі ақпарат беріп жатқан болар. Мұны терең зерттесек, бәрі тұрмыстық жағдайға келіп тіреледі. Халықта жұмыс жоқ. Балалары да, келген келін де жұмыссыз. Соның бәрі әсер етеді», — деді жергілікті белсенді Ғазиз Ғабдуллин.

Дереккөз: Халық үні

Todayinfo.kz

адам Атырау ер жіберген жұмды көз облысында өзінөзі өртеп

Оқылып жатыр

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

Соңғы жазбалар

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.