Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр

13 Қыркүйек, 2025

Қазақстан Палестинаның егемендігі туралы резолюцияны қолдады

13 Қыркүйек, 2025

«Дөңгелегін жөндеген»: жол шетіне тоқтаған екі жас жігітті көлік қағып кетті

13 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр
  • Қазақстан Палестинаның егемендігі туралы резолюцияны қолдады
  • «Дөңгелегін жөндеген»: жол шетіне тоқтаған екі жас жігітті көлік қағып кетті
  • Түріктер қазақы тұқымды өлтіріп тастады: Стамбул әуежайын әуре салған алабайдың кесірінен ұшақ кешікті (видео)
  • Айдос Сарым депутаттарға бөлінетін 195 млн теңгені аз санайтынын айтты
  • Әлемді таңқалдырған айқас: Айбек Оралбай аты аңызға айналған кубалықты жеңді
  • «Ұлым өлді деп ақша жинаған»: Астаналық келіншек әріптестерінен 2 млн теңге жинап алған
  • Маңғыстаудағы жол апатынан қаза болған жеті әйелдің есімі жарияланды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 13 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қырғыз елінің гуманитарлық көмегі БҚО-ға жетті

Қырғыз елінің гуманитарлық көмегі БҚО-ға жетті

10 апреля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Даламызды су басып, төтенше жағдай туындаған шақта алғашқы болып көмек қолын қырғыз бауырлар созды.

Сәуірдің 6-ы күні Қырғызстаннан шыққан 15 көлік Атырау, Ақтөбе, Қостанай және біздің өңірге бөлінді. Сәуірдің 9-ы күні гуманитарлық көмек тиелген 4 жүк көлігі Орал қаласына келіп тоқтады.

Туыс ел басына күн туғанда жайбырақат жата алмаған айыр қалпақты ағайынды көппен бірге қарсы алған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов 3000 шақырымнан астам жолды артқа тастап, қырғыз елінің аманатын жеткізген ағайынға алғысын білдірді.

–Алғашқы болып көмек қолын созған көршілес Қырғыз елінен халықаралық гуманитарлық көмек Ақжайық өңіріне жетті. Қиын кезде қолұшын созған ағайынның бұл жақсылығын қазақ елі еш уақытта ұмытпайды. Ғасырлар бойғы екі ел арасындағы бауырластық нығая түсті деп санаймын. Алты Алаштың ұлдары бауырластығын әлемге тағы бір мәрте паш етті. Тіліміз бір, діліміз бір, дініміз бір  қырғыз ағайынға қазақ елі атынан айтар алғысымыз шексіз,-деді Б. Нарымбетов.

Одан соң Бақытжан Хаберұлы Қырғыз көшін бастап келген Замирбек Нарчаевқа «Қырғыз еліне Батыс Қазақстан халқының атынан мың алғыс» деген жазуы бар домбыраны сыйға тартты.

Бауырлас ел аманатын Оралға жеткізген Қырғыз Республикасы төтенше жағдай министрлігінің подполковнигі Замирбек Нарчаевтың айтуынша, қазақ басына қиындық түскенін естіген бойда қырғыз елі жұдырықтай жұмылып, гуманитарлық аз ғана уақыт ішінде көмек жинап тастаған.

–Президентіміздің тапсырмасы бойынша Қырғызстан елінен Қазақстанға азық-түлік, төсек-көрпе, керует, сусын, тұрмысқа қажетті заттар жеткіздік. Қазақ-қырғыз бір туған. Қиын жағдайға тап болған қазақ жұртына  жалпы 300  тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді. Батыс Қазақстанға 80 тоннасы бөлінді -, деді Замирбек Нарчаев.

Сын сағатта  қолдауын білдірген көрші ел жүгін жеткізген азаматтарға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан да ел алғысын жеткізіп,  қазақ елінің ризашылығын білдірді.

– Ағайынның қамқорлығын басыңа іс түскенде білерсің,-дейді. Өзгеден бұрын көмек қолын созған ағайынға разымыз. Бұл жай ғана көмек емес достығымыздың нығайып, ағайындығымыздың беки түскенінің көрінісі. Болашақта да екі ел арасына сызат түспесін,-деді А.Құспан.

Одан соң ақсақал Қанат Оразғалиев көмекті жеткізген жандарға ақ батасын берді.

Түгелбай Бисен

 

Оқылып жатыр

Түріктер қазақы тұқымды өлтіріп тастады: Стамбул әуежайын әуре салған алабайдың кесірінен ұшақ кешікті (видео)

Әлемді таңқалдырған айқас: Айбек Оралбай аты аңызға айналған кубалықты жеңді

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Тұрақсыздық периметрі: әлемдегі эскалация ошақтары

Мәжілістің абыройын түсірген: бір топ депутат Ардақ Назаровпен жабық форматта әңгіме өткізбек

«Жігітше кетіп қалсаңдаршы!»: Қуат Хамитов депутат Ардақ Назаровқа Парламенттен кетуге кеңес берді (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Павлодарда прокурор алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр

13 Қыркүйек, 2025

Қазақстан Палестинаның егемендігі туралы резолюцияны қолдады

13 Қыркүйек, 2025

«Дөңгелегін жөндеген»: жол шетіне тоқтаған екі жас жігітті көлік қағып кетті

13 Қыркүйек, 2025

Түріктер қазақы тұқымды өлтіріп тастады: Стамбул әуежайын әуре салған алабайдың кесірінен ұшақ кешікті (видео)

13 Қыркүйек, 2025

Айдос Сарым депутаттарға бөлінетін 195 млн теңгені аз санайтынын айтты

13 Қыркүйек, 2025

Әлемді таңқалдырған айқас: Айбек Оралбай аты аңызға айналған кубалықты жеңді

13 Қыркүйек, 2025

«Ұлым өлді деп ақша жинаған»: Астаналық келіншек әріптестерінен 2 млн теңге жинап алған

13 Қыркүйек, 2025

Маңғыстаудағы жол апатынан қаза болған жеті әйелдің есімі жарияланды

13 Қыркүйек, 2025

Ресей дрондарының НАТО еліне басып кіруіне байланысты Қытай мәлімдеме жасады

13 Қыркүйек, 2025

Жолдағы камералар сегіз айда 82,8 млрд теңге айыппұл салды

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.