Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • «Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты
  • «Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

БҚО су тасқыны: Орал қаласында құм толтырылған 125 мың қапшық дайындалды

10 апреля, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты 125 мың мөшек құм дайындалды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 10 сәуір күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәлімет бойынша өзен деңгейі Орал қаласы тұсында 718 сантиметрге (тәуліктік өсім – 8 см) жетті. Сондай-ақ Көшім гидробекетінде 675 (+22), Тайпақта 390 (+17) сантиметрді көрсетті.

Облыста басқа барлық өзендердің деңгейі төмендеді.

«Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалынан алынған мәліметке қарағанда, Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне кешегідей, секундына 1 342 текше метр су жіберіліп жатыр. Биыл мұнда су жіберудің ең көп көлемі секундына 2 170 текше метрге жетсе, өткен жылы 15 текше метрден аспаған болатын.

БҚО әкімдігінің хабарлауынша, шаһарда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғаннан бері құзырлы мекемелер күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Өзен жағалауын бекіту арнайы техникалардың көмегімен түнгі уақытта да жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері тұрғындар эвакуацияланған саяжайларда кезекшілік ұйымдастырып, ұрлықты болдырмау үшін күні-түні күзетуде.

«Күні бүгінге дейін құм толтырылған 125 мың қапшық әзірленді. Тағы 80 мыңы дайындалып, Жайық өзені жағалауындағы қауіпті тұстарға төселеді. Өзен жайылмаларында орналасқан саяжай тұрғындарын эвакуациялық пункттерге жеткізуге 30 автобус бөлінді», — деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.

Асан маңындағы полигонда құм толтырылған қапшықтар үзіліссіз дайындалуда. Бұл жұмысқа қаладағы мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің, әскери бөлімдердің, зауыт-кәсіпорындардың қызметкерлерімен қатар волонтерлар белсенді атсалысуда. Сонымен қатар облыс орталығы ғана емес, аудандардан келген волонтерлар су тасқынының алдын алуға үлес қосуда. Мәселен, кеше күндіз Тасқала, түнде Сырым ауданының еріктілері полигонда қапшықтар дайындады.

«Апат айтып келмейді, Сырым ауданынан Орал қаласына жәрдемдесуге келіп жатырмыз. Спортшылар, мұғалімдер, тұрғындар көмек қолын созудамыз. Күш біріктірсек қана тасқын суға тосқауыл қоя аламыз», — деді Сырым ауданынан келген ерікті Ержан Шүкіров.

су тасқыны
Фото: БҚО  әкімдігі
дайындалды мың Орал су тасқыны толтырылған қаласында қапшық құм

Оқылып жатыр

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

Соңғы жазбалар

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

16 Қазан, 2025

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.