Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • «Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Балалар мен әйелдерге озбырлық жасағандар өмір бойына қамалады

15 апреля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Соңғы бес-алты жылда балалар мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесіне жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі туындаған. Яғни, бұл тұрғыдағы қылмыстар үшін заңды күшейту жайы жиі сөз болды. Балалар мен әйелдердің әлсіздігін ескерсек, олардың заңмен қорғалуы дұрыс деген пікір де басым. Себебі, осы күнге дейін балалар мен әйелдерді қорғайтын арнайы заң болған жоқ.

Қазақстан 1998 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды, ал 2001 жылы аталған конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады. Осылайша, еліміз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге қадам жасаған. 2016 жылы үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын қабылдады. Стандарт шеңберінде қауіпсіз тұру қызметтері мен медициналық және психологиялық көмек көрсету, кәсіби бағдарлау, заңгерлік кеңес беру қаралған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2-қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасымен тұрмыстық және сексуалдық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық күшейтілді. Қолданыстағы заңнамаға ішінара өзгерістер енгізілді.

Ал 2024 жылдың 11-сәуірінде Сенат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады. Заң жобасы Президентке қол қоюға жіберілді. Жаңа заң жобасында қарастырылған жайттардың ішінде мына төмендегіше талаптар бар:

– Кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағандарға жеңіл жаза тағайындауға тыйым салынады, тараптардың татуласуына мүмкіндік берілмейді;

– Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендерге шектеу жазасын тағайындауға тыйым салынады;

– Бала өлтіргендер, бала зорлығына қатысы барлар және балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткендерге өмірлік түрме жазасы енгізіледі;

– 16 жасқа толмағандарға жыныстық сипатта тиіскендерге жауапкершілік енгізіледі, Қылмыстық кодексте арнайы бап пайда болады.

– Бұдан бөлек, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал еткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, Қылмыстық кодекс жаңа қылмыс құрамымен толықтырылады.

Басқа да өзгерістер қарастырылған. Мысалы, кәмелетке толмағандарға буллинг жасағандар, 16 жастан аспаған балаларды қоғамдық көліктен түсіріп кеткендер әкімшілік жазаға тартылады. Заң баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрекет жасамаған ата-анаға немесе заңды өкілге де жауапкершілік жүктейді.

Заңгер-мамандардың айтуынша, осы күнге дейін кәмелетке толмағандарға көрсетілген зорлық-зомбылық пен зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі қысқартқан кездері болған. Содан кейін педофилдер қайта қылмыс жасаған деректер де кездескен. Олар соттарда қылмыскерге ауыр жаза тағайындауға мүмкіндік болмағанын айтады. Ал бүгінгі жаңа заң ондай қылмыскерлерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы белгіленіп отыр. Елде әйел құқықтары қорғалмаған. Отбасылық зорлық-зомбылықты қанша әйел бастан кешіріп жатқанының нақты есебі жоқ. Соңғы екі жылда отбасылық зорлық-зомбылықтан қаза тапқандар саны артқанын айтылып жүр.

Балалар мен әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын заңның күшейіп жатқаны өз еліміз үшін ғана емес, кейбір өзге елдердің тұрғындарына да жаңалық болған сияқты. Себебі осындай арнайы заң қабылдамаған елдер бар. Алысқа бармай-ақ, Ресейді алып қарасақ, ол елде балалар мен әйелдердің құқықтары жалпы заңнама шеңберінде болмаса, арнайы заңмен қорғалмаған. Ресейлік журналистер мен заңгерлердің кейбірі Қазақстанда мұндай заң қабылданып жатқанына оң пікір білдіріпті.

Ал Нью-Йоркте Қазақстандағы әйел құқығы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс деп санайтын заңды қолдауға арналған митинг өтті. Оған сол жақта жүрген отандастарымыз, сондай-ақ АҚШ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан азаматтарынан 100-ге жуық адам жиналған.

 

балалар бойына жасағандар мен озбырлық қамалады әйелдерге өмір

Оқылып жатыр

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

Соңғы жазбалар

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.