Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Соңғы 2 жылда дамба мен бекіністерді салуға 97 млрд теңге бөлінген – Дидар Смағұлов

18 апреля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде сыбайлас жемқорлықтың кесірінен ақшасы желінген тағы бір құрылыс туралы айтты.

Белгілі заңгер Түркістан облысына сапарында бекіністің құрылысына бөлінген қаражаттың ұшты-күйлі жоқ болып кеткенін, оның орнына барғанда жер сипап қалғанын жеткізді. Ол бекініс орнының біраз уақыттан бері бос жатқанын көрсетті.

«Міне, сіздер мына жерден биіктігі 2,5 метр бекіністі көріп тұрсыздар ма? Сіздерге көрінбей ме? Қалайша көрінбейді? Ол мына жерде тұр ғой. Иә, иә, қағаз жүзінде ғана тұр. Оның ұзындығы құжат бойынша 40 шақырым екен. Осы көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын «дамбаның» құрылысына 2021 жылдың соңында 2,2 млрд теңге бөлініпті. Бұл «дамба» 2022 жылы бір рет тексерістен өткен екен. Сол кезде оны су шайып кетіп, «дамба» бұдан кейін мүлде жарамсыз болып қалған», – деді Дидар Смағұлов.

 

Оның айтуынша, былтыр 23 қарашада «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке күмәнді құрылысты тексеруге өтініш-хат жазған. Енді міне, содан бері 5 ай уақыт өтсе де жергілікті Антикордан ешқандай жауап келмеген.

«Білесіздер ме, біз соңғы 2 жылда дамбаларды, плотиналар мен бекіністерді салу үшін 97 миллиард теңгенің бөлінгенін айтқанымызда, маған көп журналист хабарласты. Жағдайды түсіндіріп беруді өтінді. Мен барынша жауап беруге тырыстым. Ал Түркістан облысындағы жағдайға келсем, дамбаның құрылысын облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тексереді екен. Бұл дегеніміз – облыстық әкімдіктің өзі тексереді деген сөз. Сонда әкімдік өз қолын өзі кесе ме деген сұрақ туындайды. Сіздер қалай ойлайсыздар?» – деді заңгер.

Оның бұл сұрағына бір оқырманның «дамба құрылысына жетпеген ақшаның сұрауы болуы керек» деген пікірі жарияланған.

 

дамба Дидар жүзінде Смағұлов шақырым ғана қалды қағаз

Оқылып жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

Соңғы жазбалар

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.