Батыс Қазақстан облысының әкімі Премьер-Министрдің орынбасарымен бірге қауіпті жерлерді аралайды. Өңірге төтенше жағдайлар министрі де шұғыл ұшып барды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті шектен асып барады. БҚО әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткеннің сөзінше, құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
«Батыс Қазақстан жағдай әлі де күрделі. Таңертеңгі ақпарат бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 852 сантиметрге жетті. Яғни қауіпті деңгейден асып барады. Бұл тұрғыда Орал қаласы мен өңірдегі Ақжайық, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандарында тасқынға қарсы жұмыстар күшейтілген режимде іске асырылып жатыр», — деді БҚО баспасөз қызметінің жетекшісі Е. Таткен.
Оның айтуынша, дәл қазір өңірге Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов те келді. Олар Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге өңірдегі су басу қаупі бар аумақтарын аралайды.
«Қазір облыста 13 мыңнан астам адам (соның 6 мыңы бала) қауіпсіз жерге көшірілді. Жалпы, өңірдегі тиісті құрылымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Облысқа 10 мыңнан астам техника, соның ішінде 2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, 11 мыңнан астам адам су тасқынына қарсы жұмыстарды ат%