Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 442 – 447 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 29 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 443,35 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,82 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442 — 447 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 443,7 — 445 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,72 — 4,85 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 26 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,06 теңгеге төмендеп, 443,20 теңге болған.