Фото: Данияр Әлімқұлдың парақшасынан
Жамбыл облысында мектептегі әлімжеттіктен 8 сынып оқушысы қайтыс болып кетті. Ал облыстық Білім басқармасы мәлімет беруден қашқақтап отыр. Оқиға Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте болған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
«Сегізінші сыныптың оқушысы соққыдан сұлап түскен. Тоғызыншы сыныптың баласы ұрған екен. Ауылдағылардың айтуынша, тыныс алу мүшесіне дөп тиген соққы бір баланың өмірін қиды. Сегізінші сынып оқушыларын өздерінен бір жас үлкендер тысқа тартып, әжетхана жақта әлімжеттік жасаған деген нұсқа бар. «Греб» (түрмеге деп тиын сау) жинаған ба, бұ жағы бұлыңғыр. Бірақ осыған ұқсас. Байзақта сыртқа салынған әжетхана әлі бар екен. Оның үстіне «ақ үйдің» айналасында камерасы жоқ», – дейді журналист Данияр Әлімқұл.
Ол облыстық білім басқармасының басшысы сұхбат бергісі жоқтығын айтты. «Оқиға орнында орынбасарым жүр» деп соған сілтеген көрінеді.