Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Тұрғымбаевпен тоқтамайды, Қаңтар шындығы әлі толық ашылған жоқ – Абзал Құспан

4 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2022 жылғы қанды Қаңтар оқиғасынан кейін бұрынғы Ішкі істер министрі қызметінен босатылған Ерлан Тұрғымбаев арада 2 жылдан астам уақыт өткен соң «билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды» деген күдікпен ұсталып, екі айға қамауға алынды. Экс-министр Қаңтар оқиғасына байланысты істі болып жатыр.

Ерлан Тұрғымбаев Қаңтар кезінде күштік құрылым өкілдерінің тәртіпті қадағаламауы және ұсталғандарды азаптауы бойынша қылмыстық іс аясында тергелген.

Еске салайық, Ерлан Тұрғымбаев – Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған екінші министр. 2022 жылдың 20 ақпанында бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, сот үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қаңтар шындығы әлі ашылмағанын, әлі де біраз лауазымды тұлға жауапқа тартылатынына сенімді.

«Жалпы, Қаңтар бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енген – қозғалған істің саны 5,5 мыңнан астам. Ал сотқа кеткен қылмыстық істердің саны – 500 төңірегінде. Қаңтар шындығы әлі толық ашылды деуге келмейді. Сондықтан, тек Тұрғымбаевпен шектелмейді», — деді Абзал Құспан.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қаңтар оқиғасы бойынша қамалған адамдар қосымша ақпарат беріп, тағы да лауазымды адамдар ұсталуы мүмкін екенін айтады.

«Қаңтар шындығы әлі ашылған жоқ. Қаңтар оқиғасына дейін АҚШ астанасы Вашингтон қаласындағы (Капитолий) жаулап алу әрекеті болды. Осы жағдайға қатысты сот әлі жүріп жатыр. АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа әлі күнге дейін айып тағылып жатыр. Ерте ме, кеш пе, осы соттың болатыны анық…

Сондықтан (Қаңтар оқиғасы кезінде – авт.) ұсталған адамдар уақыт өте келе жан-жағын ойналана бастады. Тергеушілер істі тергеп жатыр. Олар қосымша ақпарат беруі мүмкін. “Шынымды айтсам, мен кінәлі емеспін. Маған осындай тапсырма келіп еді” деген әңгіме туындайды. Адвокаттары мен ағайын-туысы бар. Адам қапасқа түскеннен кейін неше түрліні ойлайды ғой. “Неге мен ғана жауап беруім керек? Неге мыналар жауап бермейді немесе осындай тапсырма берген адамдар бар” деген әңгіме туындайды. Менің ойымша, Қаңтар оқиғасының шындығын толық ашылып біткен жоқ. Оған уақыт керек. Бірақ осындай оқиғалардың, фактілердің түпкілікті үлкен жиынтығы жинала келе, үлкен бір шындықты ашады», — дейді Айдос Сарым.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталуын әділетті деп есептейді.

«Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев қаңтар оқиғасының “кіндігі” емес. Орысша айтсақ, “свет клином не сошелся”. Бірақ оны жауапты тұлға деп есептеймін. Себебі, Қаңтар оқиғасы кезінде облыстардағы полиция департаменттерінің қызметкерлері өздерінің жұмыс орнын тастап кеткен. Бұл – ауыр қылмыс. Олардың кетіп қалуына команда, приказ берген – Ерлан Тұрғымбаев. Осы тұрғыдан алғанда, сол кезде (Қаңтар оқиғасы кезінде – авт.) жауапқа тартылуы керек еді. Ештен кеш жақсы. Қазір оны ұсталуы – әділеттіліктің бір белгісі», — деді депутат.

 

 

Абзал ашылған жоқ толық тоқтамайды Тұрғымбаевпен шындығы Қаңтар Құспан Әли

Оқылып жатыр

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

Соңғы жазбалар

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.