Аса ауыр салмақта сынға түсетін ол қырғыз боксшысы Бектұр Алимбекулумен жұдырықтасып, екінші раундта бүйірінен ауыр соққы жасап, нокаутпен жеңіске жетті.
Енді Қамшыбек екінші айналымда ирандық боксшы Сафари Роузбехқа қарсы жекпе-жекке шығады. Сонымен қатар Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов те алғашқы кездесуінде қырғыз боксшысынан басым түсті.