Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Пәтерінде пышақталған дәрігердің әкесі жанайқайын айтты

16 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

22 сәуірде өз пәтерінде пышақ жарақатынан көз жұмған жас дәрігер Мөлдір Томарованың әкесі іс бұрмаланып кете ме деп қауіптеніп, қоғам белсенділерінен көмек сұрайды. Ол қоғамнан жалғыз қызының өліміне кінәлі адам қатаң жазаға тартылуын бақылауды өтінді, деп хабарлады nur.kz.

Марқұмның әкесі қызылордалық Қалдыбай Томаров Ақтөбеде тұрған қызымен соңғы рет телефон арқылы сөйлескен сәтін есіне алды.

 

Бұл жағдай Ақтөбеде болды. Қызым сол жақта 10 жыл оқыды. Медициналық университетке мемлекеттік грантпен түсті. Оқуын бітіріп, сол жаққа жұмысқа кірді. Қызыммен оқиға болған күні кешкі уақытта сөйлескен едім. Сағат 23:30 шамасында хабарластық. Қызым Toyota Corolla деген көлігін сатқанын, Қызылордаға билет алып қойғанын, үйге қайтатынын айтты. «Ертең кешке мені пойыздан күтіп ал» деп қоштасып еді. Бұл соңғы рет сөйлескенім екен. Ертеңіне денесін ғана көрдім, — деді Қалдыбай Томаров.

 

Қаза болған дәрігердің туыстарына қайғылы хабарды полиция жеткізген. Дәрігердің әкесі қызының басынан өткен оқиғаны Бишімбаев ісімен салыстырды.

 

Ертеңіне немерелерімді балабақшаға апарып, үйдің тірлігімен жүрдім. Телефоныма хабарлама келді. Әлдекімнің аты-жөні жазылған.«Сіздер мына адамды танисыздар ма?» деп жазылып тұрды. Біз оны танымаймыз, түсінген жоқпыз. Шамалы уақыттан кейін полиция қызметкері қоңырау шалып «Ақтөбеге келуіңіз керек, қызыңыз қайтыс болды» деп хабарлады. Төбемнен жай түскендей болды. У-шу болдық. Ағайындар жиналып, екі көлікпен жолға шықтық. Түнде жеттік. Әріптестері күтіп алды. Бірге жұмыс істеген әріптестері мәйітханада жатқан қызымды көрсетті. Жүрегінің тұсында сау жер жоқ. Аяусыз пышақ салған. Басына да пышақ кірген. Үйге әкелгенде де денені ашып көрдім. Басы мен жүрегінің тұсынан ұра берген. Үйге бір күн қондырып, жер қойнына тапсырдық. Бишімбаевтың ісі ойыншық боп қалады. Біз қан жылап отырмыз, — деді әкесі.

 

Жалғыз қызынан айырылып, қара жамылған әке көз жасына ерік берді. Қазір марқұмның анасының да денсаулығы сыр берген.

 

Мен үшінші топ мүгедегімін. 2005 жылы инфаркт алғанмын. Содан кейін денсаулық болмай қалды. Мына жағдай бізді есеңгіретіп жіберді. Бір ұл, бір қызым бар-тұғын… Жалғыз қызым… Қазір анасының да денсаулығы нашарлап кетті. Осы іске қоғамның қадағалауы күшейсе екен. Өзім әлеуметтік желіде парақша ашып қойдым. Өз қолы өзіне жетіп, еңбек етіп жүрген жалғыз қызымызды аяусыз өлтірді. Оған қатаң жаза тағайындалғанын талап етеміз. Оларға тағайындалған жаза да аяусыз болуы керек. Қоғам белсенділерінен көмек сұраймыз. Жағдайдың бұрмаланбауын, қатаң жазалауын бақылауға алса екен, — деді марқұмның әкесі.

 

[ad_2]

Дереккөз: Халық үні

айтты дәрігердің жанайқайын пышақталған пәтерінде әкесі

Оқылып жатыр

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.