Түркістанда жасалатын үй жиһаздары экспортқа да жіберіледі. Үй жағдайында бизнесті бастаған кәсіпкер мемлекет қолдауынан кейін өндіріс көлемін ұлғайтып, бүгінде 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Түркістан өңірі – халқы еңбекқор әрі еңбек нарығындағы бәсекесі қызу өңір. Мұны халқының тығыздығымен де түсіндіруге болады. Қазақстандағы халқы ең көп облыста өндірістің түр-түрін таңдап, дөңгелетіп әкеткендер баршылық. Соның бірі – Ұйғын Әбішев. Ұйғын – «Азия бренд» компаниясының негізін қалаушы.
«Әу баста бизнесті ешкімнен ештеңе сұрамай, шағын үйдің ішінен бастадық. Оншақты адаммен бастап, дүкен ашқан едік. Қазір 150 адам тұрақты жұмыс істеп жатыр. 250 мыңнан 400 мың теңге аралығында айлық алады мамандар», – деді түркістандық кәсіпкер.
Кейін жаңа технология әкелетін кезде ол субсидияға өтініш беріп, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен «Даму» қорынан қолдау тапқан. Солардың арқасында біраз техникаларын алып келген. Өнімнің сапасын арттырып, экспортқа шығару белесін де бағындырған. Былтыр жылына 22 мың дана жиһаз шығарып (оның 30 пайызы экспорт), енді биыл 1 мың орындық жұмыс орнын ашуды көздейді.
«Өнімдерімізді көбінесе Ресейге, Қырғызстанға шығарып жатырмыз. Өзіміздің елдің әр облысында, ауданында бар. Шетелден сұраныс жоқ емес. Бірақ бізге қаражат пен тәжірибе керек», – дейді ол.
Кәсіпкер өз өнімі импорт тауарларына баға жағынан да, сапа жағынан да төтеп береді деп есептейді. Ендігі кезекте, «Жайлы мектеп» жобасына қатысуға ниеттеніп отыр. Бұрын тендерге қатысып көрмеген компания енді кәсіптің бағын осы салада да сынап көрмек. «Азия бренд» компаниясының өнімдері Түркістандағы Орталық базарда сатылады. Жұмысшылардың жалақысы 150-400 мың теңге аралығында. Операторлар 150 мың теңге, менеджерлер 250-300 мың теңге алса, мастерлерде 400 мың теңгеге дейін айлық бар.
Компания мемлекеттің қолдауына ие болып, 6 пайызбен 100 млн теңге несие алған. Соның арқасында экспортқа өнімін шығарған.
«Біздегі мәселе мынада: Италия, Түркия, Қытай, Ресей елдерінен шикізат келеді. Шикізаттың Қазақстанда тек 10 пайызы ғана шығарылады. Пластмассадан бастап шикізат түрлері қазір біздің елде де көбейіп жатыр. Десе де, шикізат өзімізде шығарылса жақсы болар еді. Жиһаз саласындағы шикізатты өндіру, жалпы өндірісті арттыру ісі елде енді ғана көбейіп жатыр. Бізге Қытай жақын. Дәл жиһазға керекті темір құрылымдарды жасайтын нақты кәсіпорын ашылмаса, бәсекеге төтеп беру өте қиын болады», – дейді ол.
Ұйғын Әбішев өнімдердің өзіндік құны әлбетте, кейде қымбатқа түсетінін айтады. Түркістан қаласында 2023 жылы 25,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 15,8 млрд.тг құрайтын. Өнім өндіру 61 пайызға артқан. «Asia Brend» жиһаз өндіретін фабрикасы 1,5 гектарға орналасқан, 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Жылына 22 мың жиһаз жасап шығаратын кәсіпорынның жылдық тауар айналымы 1 млрд теңгеден асқан.
Отандық өнім Түркістанда ғана емес, Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында сатылымда. Сонымен қатар, Ресей мен Қырғызстанға экспортталып жатыр.
«Облыс әкімі кластер жасаймыз деп жақсы бастама көтерген. Сол кластер бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бізге орман бар. Шебер материалдары керек. Егер сол жолға қойылса, біз автоматты түрде экспортқа шығаратын мемлекетке айналамыз. Бізге қазір жиһаздың корпусына ламинат, ағаш-жаңқалы тақта (АЖТ – СП) жетіспейді. АЖТ-ны қалай болғанда да өзімізден шығартуымыз керек. Қазір оны Ресейден алып жатырмыз. Өзіндік құнынан 9-10 пайыз көлемінде пайда көріп отырмыз. Одан артық болмайды. Одан да төмен есептеледі кейде», – дейді ол.
Ұйғын Әбішевтің айтуынша, жиһаз өндірісіндегі материалдардың, әсіресе ламинат пен ағаш-жаңқалы тақтаның (ДСП) Қазақстанда өндіріліп, өзіндік құнын төмендету маңызды. Қазіргі таңда компания бұл материалдарды Ресейден алады.
Өнімдерін Түркістан ғана емес, Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында сататын компания Ресей мен Қырғызстанға да экспорт жасауда. Облыс әкімі кластер жасау бойынша бастамалар көтеріп, жиһаз өндірісінің автоматты түрде экспортқа шығады екен.