Қазақстанда ресми сапармен жүрген Малайзия премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен ерекше құттықтады, — деп хабарлайды Todayinfo тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды», — делінген хабарламада.
Өз кезегінде Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтады.