Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Құлсарыдағы қос трагедия: ұлы әскерден өлі қайтқан сарбаздың ата-анасы Тоқаевтан араша сұрады

Құлсарыдағы қос трагедия: ұлы әскерден өлі қайтқан сарбаздың ата-анасы Тоқаевтан араша сұрады

20 Мамыр, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Атыраудан әскерге аттанған 19 жастағы сарбаз Досымжан Сәлімжан Жетісу облысындағы Сарыөзек горнизонында әскери әлімжеттіктің құрбаны болды. Отан алдындағы борышын өтеуге өзі сұранып барған бозбала 13 мамырда әскер қатарында жүргеніне 6 ай толар-толмастан қыршын кетті. Досымжанның ата-анасы оның ауырып қайтыс болғанына сенбейді. Олардың қолында ұлдарының шені жоғары әскеридің жұдырығынан көз жұмғанын дәлелдейтін фото, видео айғақтар бар, деп хабарлайды Todayinfo  ақпараттық агенттігі Azattyq Ruhy— на сілтеме жасап.

Үйлері суға кетіп қабырғасы қайысып отырған Құлсары жұртына Досымжанның денесі 14 мамырда ұшақпен жеткізілді. Бозбаланы әке-шеше, туыс-туғаны күңірене жоқтап, 15 мамырда ақтық сапарға шығарып салды.

Досымжанның анасы Ардақ Иманғалиева баласының өліміне 1993 жылы туған Ш. Жанбота деген лейтенантты кінәлайды.

«Ұлымды өз әскери бөлімшесінде Ш.Жанбота есімді лейтенант 1-мамыр күні сабаған. Лейтенант Жанбота ұлым Досымжанға әлімжетік жасап компьютерге отырғызып, өзіне тиесілі жұмыстарды еріксіз күш қолдану арқылы зорлықпен жасатқан. Журнал тіктірген, бояуларына, ине-жіптеріне үйден ақша алдыртқан. Ұлым Досымжан 1-2 адамның аты-жөнінен қате кеткен екен, соған бола өлімші етіп ұрып-соққан. «Қағазды неге бүлдіресің, неге үнемдемедің» деп қосымша және сабаған. Ұлым «тамаққа» деп үйден ақша сұрай беретін еді, сөйтсек, біз сеніп ұлымызды тапсырған осындай қатыгез лейтенанттар қорлайды екен ғой»,- деп жазды анасы.

Айтуынша, Досымжан лейтенанттан жүйелі түрде зорлық көріп келген. 1 мамыр күні қатты таяқ жеп, ауырған. Бірақ оған ешкім дәрігер шақырмаған, көмек көрсетпеген. Содан жігіттің жағдайы нашарлай берген. Досымжан 3 мамыр күні таңертең анасына хабарласып, қызуы көтеріліп тұрғанын айтады. Бірақ ана жүрегі баласына бірдеңе болғанын сезеді. Артынша Досымжанның жан сақтау бөліміне түскенін естиді. Сарбазды қараған дәрігер екі өкпесі істен шыққанын, диализбен жатқанын, өкпеге, жүрекке, бауырға, асқазанына су толып кеткенін айтады.

Ардақ Иманғалиева әскерге сап-сау кеткен баласының бір күнде сонша ауыр күйге түсіп қалғанына әскердегі әлімжеттіктің себеп болғанын біледі.

«Мен іштегі тәртіпсіздіктен орын алған жағдаят екенін бірден сездім. Бала дегенде жан бар ма, дереу күйеуімді ертіп алып аяқ астынан Алматы қаласына жол жүріп кеттім…Барғанда бізді ішке ешкім кіргізбеді, ұлым Досымжанмен жолықтырмады. Әскерге өз құштарлығымен, екі аяғымен сап-сау күлімдеп кеткен ұлымның мына күйін естігенде «ұлымыздан айрылдық-ау» деп, әкесі екеуміз еңіреп жылап жібердік. Өз-өзімді жинап алып жан-жаққа қоңырау шалумен болдым. Ұлымның сержанттары «асқазаны ауырып тұрған сияқты, асқазанында жара бар, беті ашылып кеткен, қанаған, соны тазалау керек, әуелден ауырады екен, инфекция жұқтырған» дегені секілді әскерге жарамды кеткен ұлыма жала жаба бастады. Тіпті үй-ішіне шындық айтып қояды деген қорқыныштан әскери басшылары ұлымның телефонын алып қойып хабар-ошарсыз қалдырды»,- деп әлеуметтік желіге жазған Иманғалиева Президент Тоқаевтан, Премьер министр Бектеновтен , ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің басшысы Жұмағалидан, Әскери прокуратурадан әскердегі бассыздыққа назар аударып, шара қолдануын сұраған.

Өрімдей жас жігіт 10 күн бойы жансақтау бөлмесінде өмір мен өлімнің ортасында арпалысып жатып, арғы дүниеге аттанды. Артында қолдан келер қайран жоқ ботадай боздаған ата-анасы қалды. Досымжанның мәйітіне жасалған экспертизаның қорытындысы бір айдан кейін дайын болатыны айтылған. Бірақ жақындары сараптаманың нәтижесі шын болатынына күмән келтіреді.  Ауырып тұрған адамға дәрігер шақырмай, одан қалса өзінің «бұрыннан асқазанында ақау бар екен» деп зорлыққа ұшырағанын жасыруға тырысқан әскери басшылардың экспертиза қорытындысына әсер етпеуіне кім кепіл?

Қазір бозбаланың ұрып-соқты деп күдікке ілінген лейтенант қамауға алынған. Оның бұрын ережесіз жекпе-жекпен айналысқаны айтылады.

Бас Әскери Прокуратура баспасөз қызметі Ш.Жанботаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Қазақстанда әскердегі өлім-жітімнің тоқтамай тұрғаны көптен бері айтылып та, жазылып та жүр. 2024 жылға дейінгі 3 жылда 270 әскер барышын өтеп жүріп қайтыс болған. Оның ішінде 36 пайызы дерттен қаза тапты делінсе, 20 пайызы өз-өзіне қол салғандар делінген. Әрине, Досымжан сияқты аяқ асты «ауырып» көз жұмған сарбаздардың кейсі аз емес.

Оқылып жатыр

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

Қазақ және неміс болғысы келеді: Қазақстандықтар жаппай ұлтын өзгертіп жатыр

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

Түріктер қазақы тұқымды өлтіріп тастады: Стамбул әуежайын әуреге салған алабайдың кесірінен ұшақ кешікті (видео)

Әлемді таңқалдырған айқас: Айбек Оралбай аты аңызға айналған кубалықты жеңді

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.