Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Сара Назарбаеваның денсаулығы жайлы тың дерек шықты

17 Қазан, 2025

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

17 Қазан, 2025

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сара Назарбаеваның денсаулығы жайлы тың дерек шықты
  • Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
  • Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді
  • Алматы таза әрі жасыл қалаға айналады: 2026 жылы тазарту мен абаттандыру жұмыстарының ауқымы артады
  • Алматыда жүргізушіні мазақ еткен блогер полицияға шақыртылды
  • Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды
  • «Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді
  • Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қажылыққа баратындар міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациядан өтуі тиіс – СЭБД

21 Мамыр, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қажылыққа баратындарға  ескерту жасады. Қажылар міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы екпе алуы тиіс, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Биыл қажылыққа бару маусым айынан бастап жоспарланған. Сауд Арабиясы менингококк инфекциясы бойынша қолайсыз ел. Жыл сайын қажылыққа әлемнің 160 елінен 2 миллионға жуық адам қатысады, оның ішінде 3-4 мың адам – Қазақстан Республикасынан барады.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі адамдардың қажылыққа дайындалу мәселесіне қоятын маңызды талабы – ол дәрігердің қорытындысы бар медициналық тексеру және міндетті түрде менингококк инфекциясына қарсы вакцинациялау.

«Умра, қажылық мақсатында немесе маусымдық жұмыстар үшін келушілер Сауд Арабиясына келгенге дейін 3 жылдан аспайтын және кемінде 10 күн бұрын берілген төрт валентті (ACYW135) менингитке қарсы вакцинамен вакцинациялау туралы куәлікті ұсынуы керек. Келушінің шыққан елінің жауапты органдары ересектер мен 2 жастан асқан балаларға төрт валентті полисахаридті вакцинаның (ACYW135) 1 дозасын енгізуді қамтамасыз етуі тиіс», -деп ескертті Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Қажылық кезінде адамдар көп жиналатын орындарда болған кезде жеке профилактика шараларын есте сақтау керек:

—              қолды сабынмен жиі жуу, дезинфекциялайтын салфеткаларды пайдалану;

—              жөтелген және түшкірген кезде салфетканы пайдалану;

—              ауырған адамдармен байланысқа түспеу және олардың жеке заттарын пайдаланбау;

—              адамдар көп жиналатын жерлерде мүмкіндігінше бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

—              түйелер көп жиналатын жерлерге жақындамау және олармен тікелей байланысқа түсуді болдырмау;

—              қайнатылмаған және пастерленбеген түйе сүтін пайдаланбау, сондай-ақ ұйымдастырылмаған сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;

—              сырқаттанудың кез келген белгісі пайда болған кезде дәрігерге бару;

—              сапардан қайтып келгенде және аурудың кез келген симптомы (қалтырау, температураның көтерілуі, сырқаттану, тамақтың ауыруы және басқасы) пайда болса, дәрігерге қажылыққа барғанын айтып, тез арада медициналық ұйымға бару қажет.

Оқылып жатыр

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Алматы таза әрі жасыл қалаға айналады: 2026 жылы тазарту мен абаттандыру жұмыстарының ауқымы артады

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Соңғы жазбалар

Сара Назарбаеваның денсаулығы жайлы тың дерек шықты

17 Қазан, 2025

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

17 Қазан, 2025

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

17 Қазан, 2025

Алматы таза әрі жасыл қалаға айналады: 2026 жылы тазарту мен абаттандыру жұмыстарының ауқымы артады

17 Қазан, 2025

Алматыда жүргізушіні мазақ еткен блогер полицияға шақыртылды

17 Қазан, 2025

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025

Трамп пен Путин тағы кездеседі

17 Қазан, 2025

Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.