Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қолы бос, кәсібі жоқ адамдар той тойлайды — Омар Жәлел (видео)

21 Мамыр, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Белгілі абайтанушы ғалым Омар Жәлел қазақтың даңғаза тойшылдығын сынға алды. Ғалым өзге елдердің той тойлау мәдениетін мысалға алып, үнемі тойға барудың қауіпті тенденция екенін айтты, деп хабарлайды  Todayinfo агенттігі Qazaq Airan ютуб арнасына сілтеме жасап.

Ол үнемі тойларда жүру – адамдардың өзін алдауы деп санайды.

«Ол өте қауіпті тенденция. Мәселе тойды жасау, жасамауда емес, оны қалай  жасауда. Артық қыламын деп, тыртық қылып жатырмыз. Мысалы, Қытайға барыңыз, олар той жасамайды. Өйткені, олар күні-түні кәсіпте. Түркияға барыңыз, той жасамайды. Күні-түні кәсіпте. Тек ең маңыздыларын ғана жасайды», — деді Омар Жәлел.

Тойға барғысы келмейтін адамдар да туыстық қатынас үшін амалсыз шақырған жерге баруға мәжбүр. Өйткені, барлығы «ұят» деген ұғымды бетке ұстайды.

«Бізде аптаның жеті күні той. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі… деп кете береді.  Мұның ең үлкен зардабы — адамдарды туыстық қатынастармен қинайды. Ұят деген сезіммен қинайды. Кәсіпкер немесе өте кәсіпқой адамдар тойға бармайды. Кәсіптің ең үлкені- ғылым. Кезінде Қаныш Сәтбаев ешқашан тойға бармаған. Ғалым адам болған соң, тойға барсам уақытым кетеді, екіншіден артық тамақ ішіп қоямын, асқазаным бұзылады, режимім бұзылады, менің ғылымыма зияным тиеді деп бармайды екен», — деді абайтанушы.

Ол кезінде танымал адамдар тойды жылу жинау үшін емес, керісінше байлығымен бөлісу үшін жасағанын айтты.

«Тойынған адам той жасау керек. Той дегеніміз өзіңнің белгілі бір мөлшерде жұрттан жылу жинау емес, бұрын той дегеніміз өзіңнің байлығыңмен бөлісудің формасы болған. Қолы бос, кәсібі жоқ адам халық не істейді? Той тойлайды. Кәсібі бар қазақтың өзі де тойдан бас тарта бастайды. Өйткені, кәсібі жоқ, мақсаты жоқ адам еріксіз тойға алданады. Бұл шарасыздықтан туған. Бұл 20-30 жылдың ішінде ұлттың деңгейін көтере алмай, оны кәсіпқой ұлтқа айналдыра алмағанның көріністері. Біз қазір кәсіпті бірінші орынға қоюымыз керек. Мысалы, Өзбектер тойды таңғы алтыда жасайды. Олар кәсіптің ыңғайына бағынады. Таң намазынан кейін барлығы тойға келеді, тойып алып жұмыстарына кетеді. Міне, бұл кәсіпқой ұлттың тірлігі», -деп сынға алды Омар Жәлел.

 

Абайтанушы кәсіпкерлік Омар Жәлел Той тойлау Түркия ғалым Қытай Өзбекстан

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.