Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ең төменгі жалақы 125 мың теңге болу керек – Мақсат Халық

Ең төменгі жалақы 125 мың теңге болу керек — Мақсат Халық

23 Мамыр, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Экономист Мақсат Халық Үкіметті сынға алды. Сонымен қатар, ол ең төменгі жалақы мөлшері әлеуметтік жағдайға сәйкес емес екенін де айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Экономист ең төменгі жалақыны не үшін  85 мың теңге қылып белгілегенін билік түсіндіріп бере алмайды деп сынады. Айтуынша, тек Президент айтқан соң ғана, үкімет ең төменгі айлық табысты 85 мың теңге қыла салған. Алайда, ол шынайы өмірге мүлдей сай келмейді. Билік қазақстандықтардың орташа айлық табысын 380 мың теңгеден асты деп мәлімдеді.

«Қазіргі күнде халықтың ең төменгі жалақысы 85 мың тг деп бекітілген. Шын мәнінде солай ма? Әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ, орташа медиандық  жалақы, елдегі атаулы жалақының 3/1 бөлігін алады. Қазіргі уақытта елдегі орташа жалақы 380 мың теңгеден сәл асты. Сонда оның 3/1 бөлігі дейтін болсақ, демек 125 мың теңге қаражат шығады. Демек, 85 мың емес 125 мың болу керек дегенді көрсетіп тұр. Медиандық жалақының өзі 250 мың теңгеден асады. Демек ол, нақты 125 мың үстіне шығу керек деген сөз. Әлемдік статистикаға қарап отырып, нақты шешім көрсетіліп отырған. Біз халықтың жалақысы 300-400 мың болсын деп тұрған жоқпыз. Көрсеткіштерге қарап үңілетін болсақ, 85 мың емес, 125 мың теңгенің үстіне шығу керек», — деді экономист Qazaq Airan ютуб арнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол, халықтың тым кедейленіп, ауылдан қалға тоқтаусыз ағылып жатқанын да көтерді. Оның басты себебі, ауыл тұрғындарына қолайлы өмір сүруге жағдай мүлдем жасалмаған. Халық сапалы медициналық қызмет, балаларына сапалы білім іздеп ірі қалаларға ағылуға мәжбүр. Сәйкесінше, қалада күнкөріс үшін қаңғып жүрген адам көп. Ірі қалаларға келгендердің бәрін жақсы өмір де күтіп тұрған жоқ.

«Халық ауылдан көшіп қалаға келіп жатыр. Негізгі мақсат нан бағу, жан табу. Қандай да болсын жұмыс тауып, нан тапсам екен деген ниетпен келеді. Кейбір азаматтар тіпті үлкен қалада мүмкіндіктер көп деп келеді. Әрине, мұның көптеген себептері бар. Бірінші кезекте ауылдық жерлердегі, өңірдегі жұмыс мүмкіндіктерінің дұрыс жолға қойылмауы. Ол жердегі еңбекақының өте төмен екендігі. Инфрақұрылымдық жағдай, білім, денсаулық сақтау болсын, барлық жағынан төмен екендігі. Соның барлығын азаматтар текшейді да, осы қызметтерді сапалы қалада алуға мүмкін бар деп, қалаға қарай ағылады. Ауылдық жерлерде, өңір аймақтың барлығын қарайтын болсақ, ол жерде не инфрақұрылым жоқ, не сапалы медициналық көмек көрсетілмейді, я болмаса балалардың жеке дамуына арналған мәдениет үйлері жұмыс жасамай тұр. Осы әлеуметтік көрсеткіштер барлығы түптеп келіп, азаматтарымызды қалаға қалай итермелеп келе жатқан жағдайы бар», — деді Мақсат Халық.

Оның сөзінше, қазіргі Үкіметтен керемет экономикалық серпіліс күтудің қажеті жоқ. Тек жемқорлықтан артылтып берсе, соның өзі елге әжептәуір жетістік болады.

«Үкіметке біздің үмітіміз сыбайлас жемқорлықпен байланысы  бар ортадан шыққаннан кейін, жаңа премьер-министріміздің үкімет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты тазартып берсе де, ол да бір ерлік болатын еді. Одан жаңа экономикалық модельдің үлгісін сұрап, эконмикалық өсім, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсату, өмір сүру сапасы деген талаптарды қоюдан бұрын, жүйедегі олқылықтарды,  сыбайлас жемқорлықты жойса оның өзі дұрыс болар еді. Экономикалық серпіліс, керемет дамып ктеді деп күтудің қажеті жоқ», — деді ол.

Мақсат Халық экономика Үкімет

Оқылып жатыр

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

Қазақ және неміс болғысы келеді: Қазақстандықтар жаппай ұлтын өзгертіп жатыр

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

Түріктер қазақы тұқымды өлтіріп тастады: Стамбул әуежайын әуреге салған алабайдың кесірінен ұшақ кешікті (видео)

Әлемді таңқалдырған айқас: Айбек Оралбай аты аңызға айналған кубалықты жеңді

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.