Тасқын судың беті қайтқан соң оныңзардабымен күресу, шығынның қалпын келтіружұмыстары жүруде.
Подстепный ауылдық округінде суға кеткентұрғындарына кезең-кезеңімен көмек беру жүзеге асуда.
Қазір халыққа керегі — баспана. Әрбір жерде тентіреген тұрғындардың талабы да сол “тезірек баспана салып берсе екен” болып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартКемелұлы : “ Тасқын судан зардап шеккеназаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бірадамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызғақаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі” депбірқатар тапсырмалар берген болатын. Қазіргітаңда комиссия шешімімен апатты дептанылған үйлер құлатылып, орнына жаңа үйсалу жұмыстары басталды. Сондай-ақ ішкіәрлеу жұмысын қажет ететін үйлер бар. Оныңбәрін қалпына келтіру уақытты талап етеді.
Сол тапсырмаларға сәйкес Подстепный ауылдық округінде тұруға жарамсыз дептанылған 98 үй бұзылатын болды. Орнына 80 метр квадратты құрайтын жаңа үй салынады. Қазіргі уақытта аталмыш ауылда құрылысқарқын ала бастады.
Тұрғын үй салу жұмыстарын «Отделстрой”, “СВС Батыс”, “Атамекен Инвест”, “CHRYSTAL GENERATION LTD”, “ГрадИндҚұрылыс”, “BETA Servicom”, “Batys Kurylys Servicom” сындыбірнеше құрылыс компаниялары жүргізеді.
Аудан әкімі Әлия Мұханбетжановамердігерлермен кездесіп, тұрғын-үй барысынқарады.
Құрылыс басында болып Подстепный ауылы тұрғандырымен тілдескен болатынбыз. Ол жандардың ішінде рақмет айтыпжатқандары да, көңілі толмай, жасалып жатқанжұмыстарды жоққа шығарып жатқандары да бар. Әрине, бәріне бірдей ұнау мүмкін емес.
Солардың бірі Подстепный ауылына қоныстепкеніне жиырма жылға жуық уақыт болғанНеғметолла Джалмұратовтың үйі де апаттыдеп танылған.
—Наурыз айының соңында тұрғын үйімізсуға кетті. Комиссия шешімімен үйді бұзып, орнына жаңа үй салып беретінің айтты. Қазіржерді тегістеп жатыр. Бір-екі күнде үй іргесіқұйылады. Алла қаласа , күзде жаңабаспанамызға кіреміз деген ойымыз бар.
Қазіргі уақытта құрылыс қарқыны жақсы. Мердігерлер күзге дейін үйді толық аяқтап, кілтін табыстаймыз деп отыр. Онысы дұрыс. Тентіреп жүрген халық өз баспанасына тезірекорналасса екен дейміз.
Жауһар НҰРЫМ