Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » БҚО-да 114 млрд теңгеге 579 шақырым жол салынбақ

БҚО-да 114 млрд теңгеге 579 шақырым жол салынбақ

24 Мамыр, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Батыс Қазақстан облысында биыл 134 жобаға 114,4 млрд теңге қаражат бөлінді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Қаражатқа облыстағы 579 шақырымнан астам автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланып отыр. БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бауыржан Айтмағамбетов, биыл автокөлік жолдарын жөндеу үшін 1 128 мың тоннадан астам қиыршық тас қажет екенін мәлімдеді. Бауыржан Есқайырұлының сөзіне қарағанда, осындай көлемдегі материалдарды тасымалдау үшін 16 мыңнан астам вагон керек.

«Күні бүгінге барлық қажетті көлемнің 61 пайызы (691 мың тонна немесе 10 мың вагон) қамтамасыз етілді. Барлығы 10 теміржол вагон құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ биылға қажетті 38 мың тонна битум көлемін ескере отырып, мамырдан қазанға дейін ай сайын шамамен 4,5-5 мың тонна битуммен қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қазіргі таңда 8,6 мың тоннадан аса битум дайындалды. Материалдарды әзірлеу жұмыстары жалғасуда», – дейді Б.Айтмағамбетов.

Басқарма басшысының айтуынша, су тасқынына байланысты Жайық бойында орналасқан құм-қиыршық тас қоспасын өндірілетін карьерлер су астында қалып отыр. Осыған байланысты жолдардың жөнделіп жатқан учаскелерінде жұмыстарды уақтылы бастау және жалғастыру үшін құм-қиыршық тас қоспасының тапшылығы байқалады. Дегенмен жыл басында төленген аванска құм-қиыршық тас қоспаның 67 пайызы дайындалды.

Басқарма мәліметіне қарағанда, 2024 жылдың жоспарына сәйкес облыстық маңызы бар 10 автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Бүгінге дейін 3 қайта жаңғырту және 1 күрделі жөндеу нысандары бойынша жұмыстар басталды. 4 орташа жөндеу мамыр айының соңына дейін басталмақшы, бұған дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ тағы бір нысан бойынша келісім-шарт жасақталуда.

«Жол-құрылыс жұмыстарын сәуір айынан бастап қыркүйектің соңына дейін аяқтау керектігі барлық мердігерлерге ескертілді. Бірақ өңірдегі су тасқыны салдарынан құрылыс жұмыстары кешігіп басталуда. Мердігер ұйымдарға инертті материалдарды жеткізушілермен шарттарды мерзімінен бұрын жасасу және төлеу үшін аванстар қарастырылған болатын. Қазіргі таңда облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда 43 нысан бойынша жалпы сомасы 9,5 млрд теңге аванс төленді», – дейді басқарма басшысы.

Аудандарда нысандар бойынша көпшілігінде жұмыстар басталды. Батыс Қазақстанда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 183 км болса, соның 1 421 шақырымы – республикалық, 4 762-сі – жергілікті маңызы бар жолдар. Биылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі – 73, жергілікті жолдарда – 52 пайыз. Жыл қорытындысы бойынша жергілікті жолдардың үлесін 58 пайызға жеткізу көзделуде.

«Жалпы, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 2019-2023 жылдар аралығында 87,3 млрд теңге бөлініп, 1 059,1 км жол жөнделді. Соның нәтижесінде нормативтік үлес 28-ден 52 пайызға жеткізілді. Аудандар бойынша осы жылдары аудандық маңызы бар және ауылішілік жолдарға 64,8 млрд теңге бөлініп, 894,9 км жол ретке келтірілді. Ауылішілік жолдарды жөндеудің негізгі бөлігі аудан орталықтарында жүргізілді. Басты мақсат – жөндеуге бөлінген қаржыны мақсатты түрде игеріп, сапалы салынған жол көлемін арттыру», – деді Б.Айтмағамбетов.

Оқылып жатыр

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.