Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Ұлт саулығы үшін: Қонаевта «QAZAQ MARATHON» басталды

Ұлт саулығы үшін: Қонаевта «QAZAQ MARATHON» басталды

26 Мамыр, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қонаев қаласында жас ұрпақты денсаулығын сақтауға, спортпен айналысуға үндейтін QAZAQ MARATHON басталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

26 мамырда Қонаев спорт астанасына айналып, әркім өзіне лайық қашықтықты таба алды. QAZAQ MARATHON қайта оралып, биыл шара ерекше маңыздылық пен ауқымға ие болды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев жарысқа қатысып, салауатты өмір салты мен аймақтағы спорттың дамуының маңыздылығын атап өтті.

«Баршаңызды марафонның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Біздің облыс орталығы — Қонаев қаласынан басталған ауқымды жоба республиканың бірнеше қалаларында өтетіні біз үшін үлкен мақтаныш», — деді Рустам Исатаев.

Жарысқа 1500-ден астам қатысушы жиналды, олардың әрқайсысы аймақтағы бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосуда.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әр адамның денсаулығы — ұлттың денсаулығы екенін атап өтті. Ал, дені сау ұлтты қалыптастыру — мемлекеттің басты мақсаттарының бірі», — деп атап өтті әкімнің орынбасары.

Іс-шараның бас серіктесі — Freedom life компаниясы.

QAZAQ MARATHON белсенді қазақстандықтар үшін маңызды оқиға болып қана қоймай, көптеген адамдарды салауатты өмір салтына қосылуға шабыттандыруы мүмкін.

Марафон бүкіл Қазақстанды қамтып, бір қаладан басталып, басқа қалаларға ауысады. Әрбір марафон қатысушыларын естелік медальдар күтіп тұр.

Марафон келесі ауқымды мақсаттарды көздейді:

Салауатты ұлт үшін! Қатысушылардан түскен қаражаттың бір бөлігі интернаттар мен балалар үйлеріндегі балаларға жаттығу ұйымдастыруға жұмсалады.

Тең мүмкіндіктер! Марафонға қатысу үшін төлем жасай отырып, қатысушы мүмкіндігі шектеулі балалардың жүгірісін жартылай демейді. Балалар марафонға қатысып, медаль, естелік мерч алып, спортпен шұғылдануға мотивация алады.

QAZAQ MARATHON 2024 — бұл жай ғана спорттық шара емес, бұл Қазақстанның салауатты болашағына қадам!

«Бұл менің 15-ші марафоным. Жеңіл атлетика жарыстарына 19 жасымнан бастап қатысып келемін, қазір 35 жастамын. Мен бірде-бір осындай спорттық шараны жібермеуге тырысамын. Бүгін ерлер арасында 5 км қашықтықта үшінші орынға ие болдым. Бүгінгі ауа райы да жүгіруге ең қолайлы. Баршаңызға көп жүгіріп, денсаулықтарыңыз мықты болуын тілеймін», — деді алматылық жарысқа қатысушы Сұлтан Айғарай.

Айта кетерлігі, 5 км және 10 км қашықтықтарды ұжым болып жүгіргендер де болды. Солардың бірі — Еңбекшіқазақ ауданынан келген «Техноград» ЖШС-нің 30 адамдық тату командасы.

«Бес жыл бұрын біздің қызметкерлер осындай бұқаралық спорттық іс-шараларға, марафондарға қатысу идеясына келді. Содан бері біз бірлесіп жарыстарға қатысуды ұйғардық, бұл біздің ұйымымыздағы бірлікті және корпоративтік рухты нығайтуға көмектеседі. Мұндай іс-шаралар денсаулыққа оң әсер етіп, салауатты өмір салтын насихаттап, жүгіруге деген сүйіспеншілікті оятады. Бұл марафон өте жақсы ұйымдастырылған. Осындай керемет спорт мерекесін ұйымдастырғандарыңыз үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз», — деп атап өтті «Техноград» ЖШС басшысы Зия Талғатов.

Жарыстарға Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 10 жастан асқан әуесқойлар мен кәсіпқойлар қатысты.

Оқылып жатыр

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.