Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы әкімдігі үй кезегінде тұрған 124 отбасына пәтер берді

Алматы әкімдігі үй кезегінде тұрған 124 отбасына пәтер берді

27 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына 124 пәтер берілді, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаеваның айтуынша, 2024 жылы кезекте тұрған жетім балалардың 16%-ы үшін тұрғын үй мәселесі шешіледі. Алматы әкімдігі халықтың әлеуметтік осал тобына жататын адамдарды, атап айтқанда, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударады. 2022 жылы Алматы қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан жетім балаларға 14 пәтер табысталса, 2023 жылы 55 пәтер берілді.

Оның айтуынша, жаңа пәтер иелері ай сайын баспананы жалдау ақысын өтеуі керек. Наурызбай ауданында бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны 10 мың теңге, екі бөлмелі пәтер 15 мыңға жуық, үш бөлмелі пәтер шамамен 20 мың теңге.

Сондай-ақ, коммуналдық қызметті уақытылы төлеу қажет. Бағдарламаның шарты бойынша азаматтарға пәтерді жалға беруге немесе қайта жоспарлауға тыйым салынады.

«2024 жылы ХӘОТ санаты үшін 2 мың жалға берілетін пәтер беру жоспарланып отыр, оның 400-і жетім бала. Бұл Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жеке бастамасы, мұқтаждар үшін жалға берілетін пәтерлердің 20%-ы жетім балаларға бөлінеді. Бүгін біз Шұғыла шағын ауданындағы Alem City-2 тұрғын үй кешенінде орналасқан үш үйдегі ХӘОТ санатына жататын 124 кезекте тұрғандарға пәтер кілтін тапсырдық. 124 пәтердің 49-ы бір бөлмелі, 75-і екі бөлмелі», – деді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Пәтер алғандардың бірі – тұрғын үйге бірнеше жыл кезекте тұрған зейнеткер Үміт Құрманәлиева.

«Қала әкімі Ерболат Досаевқа зор алғысымды білдіргім келеді. Бұл күн мен үшін нағыз мереке. Ұзақ жыл бойы кезекте тұрдым, бірақ ешқашан үмітімді үзбедім», – деді ол.

Оқылып жатыр

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

«Халықтың жадында сақтауы тиіс»: Талғарда Шерзат Полат атындағы көше пайда болуы мүмкін (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.