Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысында инвесторларға өндіріс орындарын ашуға қолдау көрсетіледі 

Түркістан облысында инвесторларға өндіріс орындарын ашуға қолдау көрсетіледі 

29 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының аудан, қалаларында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың құрылысы, инфрақұрылымына әкімдік тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр. Кезекті жобалардың жүзеге асырылу барысы Түркістан өңірлік инвестициялық штаб мәжілісінде тағы да талқыланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

20-ға жуық жобаның жай-күйі сараланып, жұмыстары таныстырылды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әр жоба бойынша кәсіпкер мен жергілікті әкімдердің және жауапты басқарма басшыларының есептерін, ұсыныстарын тыңдады. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Жұмысты кешеуілдеткендерге сын-ескертпе айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

«Үлкен болсын, кішкентай болсын, барлық жоба назардан тыс қалмауы тиіс. Қадағалаңыздар, қолдаңыздар. Жол картасын немесе жұмыс жоспарын хаттамаға енгізіп, әкімдік өз міндетін, кәсіпкерлер өз міндетін уақтылы орындасын. Жерді алып, жұмыс істемейтін болса, жер мемлекетке қайтарылады. Кейбір жобалар кешігіп жатыр. Үйлестіру керек. Облыста мақта-тоқыма кластерін дамытып жатырмыз. Ірі 4 зауыт ашылады. Солардың өнімдерін өткізу мәселесін қазірден зерделеп, жоспар құра берген жөн. Жоба басталғаннан әр мекеме өзі жауапты сала бойынша жедел әрекет етіп, проблемаларды шешіп отырсын. Біздің бағытымыз – зауыттар мен өндіріс орындарын ашу. Кәсіпкерлер мен инвесторлар да өз мәселелерін жасырмай айтсын. Қолдаймыз, көмектесеміз», – деді Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте «TAIQONYR QYSHQYL ZAUYTY» ЖШС-нің Созақ ауданындағы күкірт қышқылын өндіру зауытының, Созақ ауданында 2 кезеңнен тұратын уранды қайта өңдеу кешенінің құрылысы барысы талқыланды. Инвесторлар жағдайды баяндады. 2026 жылы жүзеге асатын 2 жоба арқылы 700-дей жұмыс орны ашылады. Шардара ауданында жүгері дәндерін терең өңдеу зауытын «Казкрахмал» ЖШС іске асыруда. Жергілікті бюджеттен сыртқы инфрақұрылымды жүргізуге 200 млн теңге бөлінді Түркістан облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы тарапынан сыртқы инфрақұрылым жүргізу бойынша мердігер компанияны анықтау үшін конкурс жарияланған. Жоба толық іске қосылса, 500 жұмыс орны ашылмақ.

«Beibars-Bottlers» ЖШС Түлкібас ауданында ауыз су және түрлі-түсті сусындар өндіру зауытын салып жатыр. 96 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда электр мәселесі бар. Өңір басшысы бұл түйткілді шұғыл шешуді тапсырды. Мердігерге тиісті ұсыныс беріледі.

Төлеби ауданында логистикалық орталық салу және жүк тасымалдарын ұйымдастыру жобасын «Monotrans» ЖШС жүзеге асыруда. 190 адам жұмыспен қамтылады. Ал Кентау қаласында өнеркәсіпке арналған металл конструкциялары, металл бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысы аяқталғанда 80 жұмыс орны ашылады.

«Түркістан қаласындағы «Turkistan» арнайы экономикалық аумағында полимерлі құбырларды, пластмассадан жасалған бұйымдарды шығаратын ірі-тораптық зауыт салынуда. 80 жұмыс орны құрылады. Ал Төлеби ауданында «KAZPLAST» ЖШС-нің тігін фабрикасының құрылысы аяқталып келеді. Биыл ашылатын фабрикада 150 адам жұмыспен қамтылады. Сауран ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірістік кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беру актісін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Арыс қаласында теміржол вагондарын жөндеу жобасын «АВЛРД» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаны іске қосу 2024 жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланған. 50 жұмыс орны құрылады. Түлкібас ауданында қуаттылығы жылына 5000 тонна жеміс өңдеу цехын «Түлкібас Жеміс Жидектері» АӨК іске асыруда. Жеңілдетілген несие арқылы қолдау көрсету мәселесі назарға алынды», — делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сайрам ауданында мақсары майын шығаратын зауыт, етті қайта өңдеу, мал сою цехы және бордақылау алаңы, арнайы техникаларды, кузовтарды құрастыру зауыты салынса, Қазығұртта цемент зауытының құрылысы жүріп жатыр. Ордабасы ауданы мен Арыс және Түркістан қалаларында шетел инвесторлары арқылы жобалар жүзеге асады.

Оқылып жатыр

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

Каспий теңізінде жер сілкінді

«Халықтың жадында сақтауы тиіс»: Талғарда Шерзат Полат атындағы көше пайда болуы мүмкін (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.