Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

16 Қыркүйек, 2025

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген
  • «Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті
  • «Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті
  • Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар
  • Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
  • 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
  • Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды
  • «Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында төрт балалы әке әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысындағы құрғақ шұбат шығаратын зауыт 3 түрлі өнімді шығарады

Түркістан облысындағы құрғақ шұбат шығаратын зауыт 3 түрлі өнімді шығарады

6 Маусым, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында жүзеге асқан Қазақстан – Қытай біріккен жобасының өнімдеріне сұраныс артты. Түйе сүтінен ұнтақ жасайтын зауыттың жұмысы қызу жүріп жатыр. Кәсіпорын тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдеп, 3 түрлі өнім жасап шығарады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.

«Зауыт іске қосылған кезден қазіргі уақытқа дейін 200 тоннаның үстінде құрғақ сүт өндіріп шығарды. Кептірілген түйе сүті ұнтағын Қытай, Макао және Бангкок тағы басқа елдерге экспорттаймыз. Қазіргі таңда біз түйе сүтінен 3 түрлі өнім шығарып жатырмыз. Біріншісі, құрамында майы жоғары түйе сүті ұнтағы, екіншісі, аз мөлшердегі майсыздандырылған түйе сүті ұнтағы. Оның ішінде ақуыз мөлшері жоғары. Үшіншісі, майсыздандырылмаған түйе сүті ұнтағы, ол бір рет қолданатын кофе сияқты ішіндегі қалташаларда 15 грамнан бар. Ал қалған екеуі 300 грамнан сатылады», — дейді «Golden Camel» өндіріс орнының сату бөлімінің басшысы Шолпан Ерболат.

Маманның айтып отырған, 300 грамдық құтыдағы ұнтақтан 3 жарым литр шұбат шығады. Орталық Азиядағы түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын жалғыз, теңдесі жоқ зауыт Түркістан индустриалды аймағында орналасқан. Жоба 2018 жылы іске қосылған. Алайда арада пандемия басталып, шетелдік технологтарды күтуге тура келген, соның себебінен кәсіпорын 3 жыл бойы жұмысын тоқтатып қойды.

Кәсіпорынды қайта іске қосу мәселесі өткен жылы облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қытайға сапары кезінде талқыланып, онда ол Golden Camel басшылығымен кездесті. Нәтижесінде кәсіпорын іске қосылып, жоғары сұранысқа ие өнім экспорты басталды. Зауыттың жұмысы қайта жанданды. Түйе сүтін өңдейтін алпауыт кешен заманауи құралдармен толықтай жабдықталған автоматты жүйе арқылы жұмыс істейді.

«Өңірдегі түйе шаруашылықтарынан жинақталған сүт алдымен өңдеу цехына жеткізіледі. Осы жерде құрамы мен майлылығы тексеріліп, сүзгіден өтеді. Арнайы қондырғымен тазаланып, залалсыздандырылады. Ең соңында біз таза сүтті келесі өндірістік цехқа жіберіп, ұнтақ шығаруға дайындаймыз. Барлығы цифрлы технологиямен басқарылады. Сүт өңделетін өндірістік цехқа арнайы киімдегі технологтардан басқа адамдар кіргізілмейді. Дайын өнімнің сапасы әлемдік стандартқа сай болуы үшін мұндағы талап та қатал», — дейді цех басшысы Хы Жы Чиаян.

Зауыттың жобалық құны 7 млрд теңге болған. Оған Қытай инвесторы қаражат құйған. Қазір мұнда 70 адам еңбек етіп жатыр, оның бесеуі Қытайдан келген мамандар екен. Әзірге Азия елдеріне ғана экспортталып жатқан құрғақ шұбатты болашақта Ресей мен Еуропа елдеріне де шығарамыз деп жоспарлап отыр зауыт басшылығы.

Кәсіпорын қазіргі таңда күніне 10-15 тонна шикізат өңдейді, себебі әлі толық қуаттылығына көшпеген. Аймақтағы түйе шаруашылықтары әзірге бұдан үлкен көлемдегі шикізатты өндіруге қауқары жетпейді. Түркістан облысында жалпы алғанда 50 мыңға жуық түйе бар. Оның тең жартысы сауылады. Зауыттың жұмыс істеуі өңірдегі түйе шаруашылығын дамытуға баса көңіл бөлуді талап етіп отыр. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан түйе сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы шаруаларға 5 пайыз жеңілдікпен несие беріледі. Қазір зауыт шаруалардан шұбаттың бір литрін 900 теңгеден сатып алады.  Мамандар 15 тонна сүттен бір тонна ұнтақ алынатынын айтады.

Алып өндірістің Түркістан облысында ашылуы аймақтағы түйе шаруашылығының дамуына оң серпін беріп отыр.

Айта кетейік, кейінгі бес жылда Түркістан облысы инвестиция тартудан көш бастап тұр. Бүгінде өңірдің экономикасына 8,1 млрд доллар қаражат құйылған, 157 жоба жүзеге асып, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Оқылып жатыр

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Түркістанда орта азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Соңғы жазбалар

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

16 Қыркүйек, 2025

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

16 Қыркүйек, 2025

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

16 Қыркүйек, 2025

Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды

16 Қыркүйек, 2025

«Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында төрт балалы әке әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

16 Қыркүйек, 2025

Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді

16 Қыркүйек, 2025

Ұлттық госпитальде ем алып жатқан Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.