Мәжіліс депутаты өз анасының әлі күнге дейін пәтер жағалап жүргенін айтты. Үй кезегінде тұранмен, кезектің алға жылжитын түрі жоқ.
«Туған апайым мен анам Семейде пәтер жалдап тұрады. Кезек жоғары емес, төмен былай жылжиды. Қолыма кел десем, келмейді. Демалыстың ақшасы түссе осы мәселемен айналысам, пәтердің алғашқы төлеміне көмектесем», — деді депутат.
Ол сондай-ақ, депутаттық сауалдарына үкіметтегілдерден сырғытпа жауаптар келетінін, халықтың проблемаларына қатысты сұрақтарға нақты жауап алудың тым қиын екенін айтты. Тіптен депутатқа достары, таныстары, туған-туыстары да өкпелі. Өйкені, көмек сұрайтындар көп. Ал көмек сұрағандардан Заитов көбіне бас тартады. Заитов депутаттық сайлауға түсер кезде 200 мың доллар ұсынғандар да болған.
Бұл туралы депутат Airan media-ға берген сұхбатында айтты.
«Келіссөз жүргізген өзімнің досым. Сайлауға түспей-ақ қойшы деді. Екінші ұсыныс – «өтпей қалсаң шулатпай-ақ қойшы» деді. Ол әлі Amanat-қа келмей тұрған кезім. Сол жерде әңгімелескен кезде бұл әңгіме ешқайда шықпасыншы деді. Ұсыныс болғанын айтамын, бірақ сіздерді айтпай-ақ қояйын дедім», -деді Ринат Заитов.
.