Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Басынан тоғыз рет ұрып құлатқан»: Атырауда кәсіпкерді сақалды жігіт аяусыз ұрып өлтірді

11 Маусым, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Атыраудағы «Дина» базарында кәсіпкерді сақалды адам аяусыз ұрып өлтірді. Ашулы жігіт зейнет жасына жақындаған адамды тоғыз рет ұрып құлатқан, деп хабарлайды Todayinfo порталы.

Куәгерлердің айтуынша, жанжал Амандық Сағынғалиев есімді жергілікті кәсіпкердің абайсызда басқа ер адамның көлігін сырып кеткен соң басталған. Тұрғындар соққыға жыққан ер адамның сақалды екенін айтады. Бейнебақылау камерасында зардап шеккен көліктің жүргізушісі марқұмның бетіне тоғызыншы соққы бергенде, ер адам құлап кеткен. Бірақ ауыр соққы алған адам қайта орнынан көтерілген. Ал әлгі сақалды оныншы соққы бергенде, кәсіпкердің миы шашлып кеткен. Ал агрессор бірден оқиға орнынан асығыс кетіп қалған.

Қайғылы оқиға 11 маусым күні күндіз болған. Алайда соққыға жығылған азаматқа ешкім көмектесуге асықпаған.

Желідегі топтарда тараған бейресми дыбыстық хабарламада соққыға жығылған азаматтың жергілікті кәсіпкер екені айтылған. Ол сол күні әйелімен бірге базардан тауар алуға келген.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді», — делінген хабарламада.

Ал Алмас Алтай есімді желі қолданушысы марқұмның өлімі қалай болғанын жазды.

«Атырау облысы, Қызылқоға ауданы деп тұр ғой, оқиға сол Атырауда болса керек. Ауылдан қалаға келген, базардан жүк тиеп, елге қайтпақ боп тұрған Амандық Сағынғалиев Мұхтар Ахмедовтың ескі мерсінің есігін майыстырып, мәшіннің есігі жабылмай қалады. Амандық ағаның қалтасында қарайған ақша болған, істі сол жерде жауып кететін де мүмкіндігі болған. Алайда, Мұхтар Ахмедов сөйлеспей, бірден жұдырыққа жүгінген. Амандық ағаның жасы 60 қа таяп қалған, ал, Мұхтар 40 қа да жетпепті… Алтыншы әлде жетінші жұдырық сілтенген соң Амандық аға орнынан тұра алмай қалған. Айналадағыдар ЖЖ шақырған, ағаның қызы келген жүгіріп, дәрігерлер Амандық ағаны көлікке салып жатқанда Мұхтар әлі боқтап, айғайлап жүрген. Содан біраз өткенде Амандық ағаның тумаластары — жігіттер базарға келген, мән жайды білген. Мұхтар «мен бір-ақ рет ұрдым, шал құлап қалды, басы тасқа соқты, тұра алмай қалды» деген… Алайда, базар алдындағы камераға бәрі анық түскен, Ахмедов Амандық ағаны бірнеше рет ұрған, жетектеп таса жерге әкеліп, тағы ұрған», — делінген жазбада.

Атыраулық топтарда «ұрған адам осы» деп ер адамның суреті таралып жүр. Ауыл адамдарының аудио жазбасында, қайғылы жағдай халықты есеңгіретіп жібергенін, соққы алған адамның миы шашылып кеткені айтылған. Кәсіпкер үш күн ауруханада жатып, қайтыс болып кеткен.

адам өлімі Атырау облысы кәсіпкер Салафит сақалды

Оқылып жатыр

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

Соңғы жазбалар

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.