Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Дағыстанда содырлардың шабуылынан 20-ға тарта адам қаза тапты  (ВИДЕО)

24 Маусым, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ресейдің Дағыстан Республикасы екі күннен бері қара жамылып отыр. Кеше қаруланған топ жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ге қарай Махачкала мен Дербенттегі екі православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасаған. Сағат 17:51-де полицияға атыс туралы хабар түскен. Сол кезде атыстан бір полицейдің ауыр жарақат алғаны туралы хабар жеткен.

Қолда бар мәліметке қарағанда, содырлар шіркеуге барып, дін қызметкері мен күзетшіні бауыздап кеткен. Содан кейін синагогаға барған. Оны өртеп жіберген. Осы кезде белгісіз қаруланған адамдар Махачкаладағы синогоганы да өртеген.

Полицияның хабарлауынша, Дербент қаласындағы атыста содырлар «Фольксваген Поло» автокөлігімен жүрген. Олар көліктен шығып, полицяиға оқ жаудырған. Махачкаладағы атыста да қарулы топ көлікпен жүріп, тәртіп сақшыларын нысанаға алған. Соның салдарынан 15 полицей қаза тауып, ІІМ-нің 22 қызметкері жараланған. Одан басқа, ажал құшқандардың арасында дін қызметкері де болған. Оның аты-жөні – Николай Котельников (Николай әкей).

Кейін Махачкалада шіркеуде 40-қа жуық адам тұтқында деген хабар шықты.

Дағыстанның Сергокалинск ауданының басшысы Магомед Омаровтың 2 ұлы мен жиенінің осы лаңкестік шабуылдың бел ортасында жүргені анықталды.

Магомед Омаров Путиннің «Единая Россия» партиясының мүшесі болған. Алайда осы оқиғадан соң партия сайтынан Омаров туралы деректер алынып тасталған.

Кеше көзі жойылған 4 лаңкестің екеуі осы Магомед Омаровтың ұлдары Осман мен Әділ, тағы біреуі інісі болып шықты. Омаровтың өзі қызметтен кету туралы өтініш жазып, соңынан оны РФ Тергеу комитеті тергеуге алып кетті. Үйіне тінту жасалады.

Алдын ала мәлімет бойынша, лаңкестер шабуылға америкалық Ar-15 мылтығын қолданған. Осыған байланысты Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев содырлардың Украина мен АҚШ-тың арнайы қызметімен байланысы болғанын айтып, атысқа Батыс елдерін кінәлады.

«Бүгінгі Қырым (Осы кезде Қырымда бірнеше жарылыс болған, – ред.) мен Дағыстандағы оқиғаларға бірден-бір кінәлі – АҚШ. Америкалықтар Украинаға қару мен нұсқау беріп отыр. Олар тозақта жанатын болады», – деді ол.

 

Осыдан кейін Ресейдің басқа да лауазым иелері АҚШ пен Украинаны айыптап, кінәні осы елдердің мойнына артып қойды.

«Бұл – біздің қоғамды іштен дүрліктіру үшін әдейі Украина мен НАТО елдерінің ұйымдастырған ісі», – деп мәлімдеме жасады Дағыстан Республикасының басшылығы.

Қазір Махачкаладан шығар жол жабылды. Жағдай қиын. Қалаларға бронды техникалар кіргізілген.

Дағыстан оттары (Дагестанские Огни, — ред.) қалашығы полиция басқармасының бастығы атыс кезінде қаза тапты. Ал содырлардан 5 адамның көзі жойылды. Оның үшеуі – жоғарыда атап өткеніміздей, Сергокалинск ауданының басшысы Магомед Омаровтың 2 ұлы мен жиені болса, біреуі – ММА-дағы жекпе-жек шебері, еркін күрестен халықаралық деңгейдегі спорт шебері Гаджимурат Кагиров. Ол 2021 жылы Хабиб Нурмагомедовтың Eagles клубы атынан октагонға шығып жүрген.

Ресей Тергеу комитеті «теракт» бабы бойынша іс қозғады.

Дағыстанда 24, 25, 26 маусым Аза тұту күндері болып жарияланды.

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы оқиғаға байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Қазақстан президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Кеше Абхазия мен Ресей шекарасында да атыс болып, 1 адам қаза тауып, 3 адам жараланған.

 

20ға адам ВИДЕО Дағыстанда содырлардың тапты тарта шабуылынан қаза

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.