Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістанда тұтас бір ауыл бас көтерді: 15 жасар оқушыны зорлаған зейнеткер жұрттың ашуына тиді

20 Қазан, 2025

Алматы облысында заңсыз алтын өндіріліп жатыр ма? Прокуратурадан тексеру талап етілді

20 Қазан, 2025

Екі жылға созылған сот: Алматы соты олигарх Смағұловтың компаниясын тұтынушыдан неге қорғап отыр? (видео)

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістанда тұтас бір ауыл бас көтерді: 15 жасар оқушыны зорлаған зейнеткер жұрттың ашуына тиді
  • Алматы облысында заңсыз алтын өндіріліп жатыр ма? Прокуратурадан тексеру талап етілді
  • Екі жылға созылған сот: Алматы соты олигарх Смағұловтың компаниясын тұтынушыдан неге қорғап отыр? (видео)
  • Қоғам белсендісі Асхат Ниязовты атышулы әзілінен кейін жауапқа тартуға өтініш білдірді
  • Депутат отбасының миллиардтық табысы: Тендерлердегі жеңістің сыры неде?
  • Ильхам Әлиев Ақордаға келді
  • «Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
  • Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 21 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістан облысы ет экспортынан республикада көш бастап тұр

10 Маусым, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын елімізде маусым айының екінші жексенбісінде «Малшылар күні» кәсіби мерекесі атап өтіледі. Түркістан облысының мал шаруашылығы саласы елімізде жетекші орында. Мемлекеттік қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде мал шаруашылығы қарқынды даму жолына түсті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы мал шаруашылығы өнімі 470 млрд. теңгені құрап, үлесі республикада 1 орыннға шықты немесе 11 % құрады. Еліміздегі ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың 22 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 13 пайызы, сүттің 16 пайызы өңірдің үлесінде.

Облыстағы қой басының 14 %, ІҚМ, жылқының 5 %, түйенің 7 % асыл тұқымды. 2024 жылдың 4 айында ірі қара мал саны 1 млн. 232,5 мың бас, қой мен ешкі 5 млн. 502,4 мың бас, жылқы 484,8 мың бас, түйе 44,5 мың бас, құс 2 млн. 085,5 мың басты құрады. 78,4 мың тонна ет, 235,33 мың тонна сүт, 78,3 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

«Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада көш басында. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, ұсақ мал етінің 75% облыстың еншісінде (2023 жылы 10,9 мың тонна ІҚМ, 5 мың тонна қой еті экспорталды. Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайтуда өңірде бордақылау алаңдары мен кешендерін жүйелі дамыту ісі оң септігін тигізуде. Облыста жалпы 9183 ірі қара мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде, 400 басқа дейін 9148 бірлік, 400 бастан 1000 басқа дейін 13 бірлік, 1000 бастан жоғары 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр», — деп хабарлады Түркістан облысының баспасөз қызметінен.

Облыста мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде 7 ет өнімдерін өңдеу (24,6 мың тонна), 23 сүт өнімдерін өңдеу (143,2 мың тонна) кәсіпорындары жұмыс істейді. Осы кәсіпорындар есебінен облыста өндірілген еттің 29,0 %, сүттің 21,5 % қайта өңделіп, нарыққа шығарылуда.

Атап айтқанда, «Қарқын-2030» ЖШС-нің «Narlen» маркасымен шұжық, жұмыртқа өнімдері, «Айкан» ЖШС-нің «Эмир» маркасымен сүт өнімдері, «Бөрте милка» ЖШС-нің «Бөрте Милка» маркасымен сүт өнімдері Қазақстан нарығында жоғары сұранысқа ие болып, брендтке айнала білді.

Сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру бойынша жалпы құны 10,5 млрд. теңгені құрайтын 3 ірі тауарлы сүт фермалары инвестициялық жобалары жүзеге асырылуда. Бұл жобаларды қолдауға республикалық бюджеттен жылдық 2,5 % мөлшерлемемен 6,0 млрд. теңге қаржы бөлінді. Олар: «БНК АГРО KZ» ЖШС, «Бөрте Милка» ЖШС, «Sultan Agro» ЖШС.

Жобалар Түркиялық «Sezer», Швециялық «De-Ieval» автоматты технологиялық қондырғыларымен жабдықталады. Дания, Венгрия мемлекеттерінен өнімділігі жоғары Голштин тұқымды 1600 бас және Симментал тұқымды 600 бас аналық ірі қара мал әкелінеді. Осы жобалар арқылы жылыны қосымша 10,4 мың тонна сүт өнімі өндіріледі.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

Түркістанда тұтас бір ауыл бас көтерді: 15 жасар оқушыны зорлаған зейнеткер жұрттың ашуына тиді

Алматы облысында заңсыз алтын өндіріліп жатыр ма? Прокуратурадан тексеру талап етілді

Екі жылға созылған сот: Алматы соты олигарх Смағұловтың компаниясын тұтынушыдан неге қорғап отыр? (видео)

Қоғам белсендісі Асхат Ниязовты атышулы әзілінен кейін жауапқа тартуға өтініш білдірді

Депутат отбасының миллиардтық табысы: Тендерлердегі жеңістің сыры неде?

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

Соңғы жазбалар

Түркістанда тұтас бір ауыл бас көтерді: 15 жасар оқушыны зорлаған зейнеткер жұрттың ашуына тиді

20 Қазан, 2025

Алматы облысында заңсыз алтын өндіріліп жатыр ма? Прокуратурадан тексеру талап етілді

20 Қазан, 2025

Екі жылға созылған сот: Алматы соты олигарх Смағұловтың компаниясын тұтынушыдан неге қорғап отыр? (видео)

20 Қазан, 2025

Қоғам белсендісі Асхат Ниязовты атышулы әзілінен кейін жауапқа тартуға өтініш білдірді

20 Қазан, 2025

Депутат отбасының миллиардтық табысы: Тендерлердегі жеңістің сыры неде?

20 Қазан, 2025

Ильхам Әлиев Ақордаға келді

20 Қазан, 2025

«Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

20 Қазан, 2025

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

20 Қазан, 2025

Астанада Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған Екінші шахмат Олимпиадасы басталды

20 Қазан, 2025

Банкноттардың жиі ауысуы теңгенің құнына әсер етпейді – сарапшы

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.