Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл саған парламент па?»: Ұшақта анасын құттықтаған бортсерік желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

17 Қыркүйек, 2025

Әуезов ауданы әкімдігінің «еңбегі»: Алматыда жол опырылып, жиырмадан астам машина бүлінді

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
  • «Бұл саған парламент па?»: Ұшақта анасын құттықтаған бортсерік желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)
  • Әуезов ауданы әкімдігінің «еңбегі»: Алматыда жол опырылып, жиырмадан астам машина бүлінді
  • «Тайпаларды Ленин жинап қазақ қылған»: әлеуметтік желі қолданушылар көргенсіз әйелді жазалуды талап етуде
  • Депортацияланған балалардың көбі Сібірге жіберілген: ​Ресей соғыс ашқан Украинадан кемі 35 мың баланы ұрлап кеткен
  • «Үсік жүреді»: ел тұрғындарына ескерту жасалды
  • Өскеменнің өзімшіл прокуроры: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді
  • «Өлтіретінін ескертті»: Павлодарда полковниктің ұлы, сот қызметкері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Журналист – мәртебелі мамандық: Тоқаев БАҚ өкілдерін мерекесімен құттықтады

Журналист – мәртебелі мамандық: Тоқаев БАҚ өкілдерін мерекесімен құттықтады

27 Маусым, 2024 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ саласы қызметкерлерін құттықтады. Астанада БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімі өтіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, — деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Ең алдымен, баршаңызды Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Сондықтан біз медиа саласының мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз. Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені, ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай. Біздің мақсат-мұратымыз – ортақ. Бұл – баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру. Мен бүгін медиа саласы мамандарының осы жолдағы қажырлы еңбектері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әлихан Бөкейхан «Газет-журнал шығаруға зор шеберлік керек» деп талап қойған. Бұл – бүкіл ақпарат саласына ортақ тұжырым. Жалпы, журналистер мемлекеттік саясатты халыққа түсіндіру ісінде айрықша рөл атқарады», — деді Президент.

Мемлекет басшысы қазір еліміз дамудың жаңа сатысына қадам басқанын айтты.

«Біз соңғы 5 жылдың ішінде ауқымды саяси реформаларды жүзеге асырдық. Қазақстанның саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Парламенттің ықпалы, Үкіметтің жауапкершілігі айтарлықтай артты. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік орныға түсті. Саяси партиялардың қоғамдық рөлі күшейді. Азаматтарымыз өз ой-пікірлерін ашық айтып, қоғамда белсенді болуына мүмкіндік беретін нақты тетіктер пайда болды. Сайлау жүйесін жетілдірдік. Ауыл, аудан әкімдері тікелей сайлана бастады. Бір сөзбен, саяси және қоғамдық мәдениет үлкен өзгеріске ұшырады. Ең маңызды бастаманың бірі – Президент жеті жылдық мерзімге бір рет қана сайланатын болды. Осы шешімнің саяси мән-мағынасы ерекше, бұл – мемлекет басқару ісінде жаңа стандарт қалыптастыратын маңызды қадам. Реформалар, өзгерістер әлі де жалғаса береді. Ең бастысы, бұл өзгерістер – халықтың таңдауы. Сондықтан біз ешқашан кері қайтпаймыз, тек алға қарай жүреміз. Біз экономикалық дамудың нақты бағытын айқындадық. Бір сөзбен, озық ел болу үшін ауқымды жұмысты қолға алдық», — деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлері тың бастамаларды жұртшылыққа жан-жақты түсіндіруге зор үлес қосып жүргенін атап өтті.

«Шын мәнінде, барлық реформаны өздеріңізбен бірге атқардық деуге болады. Бірақ өзгерістерді жүзеге асыру бір басқа, ал оны орнықтыру бір бөлек. Ол үшін қоғамдық сана түбегейлі жаңғыруға тиіс. Ұлттық құрылтайдың Атыраудағы отырысында жалпыға ортақ құндылықтар туралы айтқанымды білесіздер. Мұның бәрі ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін айрықша маңызды. Ашығын айтсақ, осы құндылықтарды қоғам санасына орнықтыру журналистерге тікелей байланысты. Ақпарат өкілдері болмаса, оны жұртқа жария ету мүмкін емес. Сондықтан журналистер қауымы осы маңызды жұмысқа зор жауапкершілікпен қарайды деп сенемін. Біз әрбір сөзімізді қоғамды түзеуге жұмсасақ, болашағымыз да баянды болары хақ. Мен Құрылтай отырысында елімізге қатер төндіретін бес кеселге тоқталдым. Тағы да қайталап айтқым келеді. Жұртты нашақорлық пен құмарпаздықтан, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, вандализм мен ысырапшылдықтан қорғау – ортақ міндет. Мемлекет бұл бағытта нақты қадамдар жасап жатыр», — деп тоқталды Президент.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл болатын арнайы заң күшіне енгенін тілге тиек етті.

«Бұл – өте қажетті құжат. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – баршаңызға айқын. Еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек. Әрине, қабылданған заң барлық қатерді бірден жойып жібермейді. Бұл – ұзақ әрі күрделі үдеріс. Заң жазалау үшін емес, ең алдымен, құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызды. Оған бүкіл қоғам болып атсалысу қажет. Осы жолда ақпарат өкілдерінің рөлі ерекше», — деді ол.

 

Оқылып жатыр

Тоқаев Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты дер кезінде жинап алуды тапсырды

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Соңғы жазбалар

Тоқаев Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл саған парламент па?»: Ұшақта анасын құттықтаған бортсерік желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

17 Қыркүйек, 2025

Әуезов ауданы әкімдігінің «еңбегі»: Алматыда жол опырылып, жиырмадан астам машина бүлінді

17 Қыркүйек, 2025

«Тайпаларды Ленин жинап қазақ қылған»: әлеуметтік желі қолданушылар көргенсіз әйелді жазалуды талап етуде

17 Қыркүйек, 2025

Депортацияланған балалардың көбі Сібірге жіберілген: ​Ресей соғыс ашқан Украинадан кемі 35 мың баланы ұрлап кеткен

17 Қыркүйек, 2025

«Үсік жүреді»: ел тұрғындарына ескерту жасалды

17 Қыркүйек, 2025

Өскеменнің өзімшіл прокуроры: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді

16 Қыркүйек, 2025

«Өлтіретінін ескертті»: Павлодарда полковниктің ұлы, сот қызметкері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген

16 Қыркүйек, 2025

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

16 Қыркүйек, 2025

«Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.