Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Екі көзі жас жігіттерде»: Бекболат Тілеуханның «су жаңа тоқалымен» елге оралуы наразылық тудырды (ВИДЕО)

17 Қыркүйек, 2025

Балаларының көзінше жағы мен мұрнын сындырған: Бұрынғы күйеуінен таяқ жеген алматылық әйел Президенттен көмек сұрады

17 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Екі көзі жас жігіттерде»: Бекболат Тілеуханның «су жаңа тоқалымен» елге оралуы наразылық тудырды (ВИДЕО)
  • Балаларының көзінше жағы мен мұрнын сындырған: Бұрынғы күйеуінен таяқ жеген алматылық әйел Президенттен көмек сұрады
  • Тоқаев: Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі
  • Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды
  • Тоқаев Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
  • «Бұл саған парламент па?»: Ұшақта анасын құттықтаған бортсерік желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)
  • Әуезов ауданы әкімдігінің «еңбегі»: Алматыда жол опырылып, жиырмадан астам машина бүлінді
  • «Тайпаларды Ленин жинап қазақ қылған»: әлеуметтік желі қолданушылар көргенсіз әйелді жазалуды талап етуде
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қызылшаның спесификалық емі жоқ – СЭБД басшысы

Қызылшаның спесификалық емі жоқ — СЭБД басшысы

30 Маусым, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қызылша – бұл өте жұқпалы жедел вирустық ауру, ол ауа тамшылары арқылы таралады және ауыр асқынулар мен өлімге әкелуі мүмкін. Кез-келген адам қызылшамен ауыруы мүмкін, бірақ бұл көбінесе балаларда кездеседі.
Әлемде бірде-бір ел қызылшадан қорғалмаған, халықтың иммундау деңгейі төмен өңірлерде вирустың таралуы үшін қолайлы жағдай туындайды, соның салдарынан бұр етудің пайда болу ықтималдығы артады және вакцинацияланбаған барлық балаларға қауіп төндіреді.

Қызылша белгілері әдетте вируспен байланысқаннан кейін 10-14 күннен кейін пайда болады. Қызылшаның ең маңызды белгісі — айқын бөртпе.

Ерте белгілер әдетте 4-7 күнге созылады. Оларға мыналар жатады: мұрыннан су ағуы, жөтел, көздің қызаруы және көздің сулануы, ауыз қуысының шырышты қабатында ұсақ ақ дақтар. Бөртпе вируспен байланысқаннан кейін шамамен 7-18 күннен кейін пайда болады, әдетте бет пен мойынның жоғарғы бөлігінде. Ол шамамен 3 күн ішінде таралады, ақырында аяқ — қолдарда пайда болады. 5-6 күннен кейін бөртпе бозарып, кете бастайды. Қызылшадағы өлім-жітім осы аурудың асқынуларымен байланысты.
Қызылшаның асқынуларына мыналар жатады: соқырлық, энцефалит (бас миының ісінуіне және церебральды бұзылулардың дамуына әкелетін инфекция), ауыр диарея және ағзаның сусыздануы, құлақ инфекциясы, тыныс алумен байланысты ауыр жағдайлар, соның ішінде пневмония.

Ең қорқынышты қызылшадан кейінгі асқыну — склерозды паненцефалит, қызылша вирусы миды зақымдағаннан кейін, уақыт өткен соң (айлар немесе жылдар) бұл физикалық және психикалық деградацияға және мүгедектікке әкеледі. Сонымен қатар, қызылша иммундық қабілетті «жояды», осылайша ағза бұрын ауырып кеткен инфекцияларға да сезімтал болады.

«Қызылшаның спесификалық емі жоқ. Қызылшаның алдын алудың жалғыз сенімді құралы-уақтылы қызылшаға қарсы екпе алу. Вакцина қауіпсіз және ағзаға вируспен күресуге көмектеседі. Иммунитетті қамтамасыз ету үшін балаларға вакцинаның екі дозасы салынуы қажет. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес вакцинация 12-15 ай және 6 жас аралығындағы балаларға жүргізіледі. Қызылшаның аурушаңдық деңгейі жоғары елдерде қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациямен бірге, жаппай иммундау науқандарын жүргізу өте маңызды», — деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Сәкенұлы.

Жетісу облысында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жыл басынан бері қызылшаның 727 жағдайы тіркелді, оның 68%-дан астамы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиесілі. Айта кету керек, аурушаңдық вакцинациядан бас тарту себебінен, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты медициналық шектеу алған және жасы жетпегендіктен вакцинацияланбаған балалар арасында тіркелді, олардың үлес салмағы 78% құрады. Соңғы 2 айда қызылша ауруы 70%-ға төмендеді. Қосымша жаппай иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын адамдардың 99,4% (52562 адам) егілді.

«Дегенмен қызылша жағдайлары тіркелуде, осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуын тексеруі қажет. Екпелері болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша емханада вакцинациялауды ұсынамыз»,- дейді ол.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуінің негізгі себебі — қызылшаға қарсы жоспарлы иммундаумен қамтудың төмендеуі, вакцинациядан бас тарту санының өсуімен байланысты. Бірақ иммундау мәселесіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбесе (уақытылы егілмеу, екпеден бас тарту), қосымша жаппай иммундаудың нәтижесінде қол жеткізілген жетістіктерді жоққа шығаруға болады. Балалар вакцинацияланбаған жерде аурудың өршуі пайда болады.

Оқылып жатыр

«Екі көзі жас жігіттерде»: Бекболат Тілеуханның «су жаңа тоқалымен» елге оралуы наразылық тудырды (ВИДЕО)

Балаларының көзінше жағы мен мұрнын сындырған: Бұрынғы күйеуінен таяқ жеген алматылық әйел Президенттен көмек сұрады

«Бұл саған парламент па?»: Ұшақта анасын құттықтаған бортсерік желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Әуезов ауданы әкімдігінің «еңбегі»: Алматыда жол опырылып, жиырмадан астам машина бүлінді

«Тайпаларды Ленин жинап қазақ қылған»: әлеуметтік желі қолданушылар көргенсіз әйелді жазалуды талап етуде

«Үсік жүреді»: ел тұрғындарына ескерту жасалды

Соңғы жазбалар

«Екі көзі жас жігіттерде»: Бекболат Тілеуханның «су жаңа тоқалымен» елге оралуы наразылық тудырды (ВИДЕО)

17 Қыркүйек, 2025

Балаларының көзінше жағы мен мұрнын сындырған: Бұрынғы күйеуінен таяқ жеген алматылық әйел Президенттен көмек сұрады

17 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі

17 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

17 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл саған парламент па?»: Ұшақта анасын құттықтаған бортсерік желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

17 Қыркүйек, 2025

Әуезов ауданы әкімдігінің «еңбегі»: Алматыда жол опырылып, жиырмадан астам машина бүлінді

17 Қыркүйек, 2025

«Тайпаларды Ленин жинап қазақ қылған»: әлеуметтік желі қолданушылар көргенсіз әйелді жазалуды талап етуде

17 Қыркүйек, 2025

Депортацияланған балалардың көбі Сібірге жіберілген: ​Ресей соғыс ашқан Украинадан кемі 35 мың баланы ұрлап кеткен

17 Қыркүйек, 2025

«Үсік жүреді»: ел тұрғындарына ескерту жасалды

17 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.