Алматы облысында полицейлер жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған көлікті соғып, апатқа себепкер болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Жол ережесін өрескел бұзып, жол көлік оқиғасына себепкер болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан патрульдік көліктің жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған машинаны артқы жағынан соққаны көруге болады.
Полицейлер соққан көлік ішінде нәрестелі ана отырған. Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты 27 маусым күні Алматы-Жандосов тас жолының 25 шақырымында болған.
«Hyundai Elantra және Toyota Ipsum көліктерінің қатысуымен болған жол апатынан ешкім зардап шекккен жоқ. Көліктерге механикалық зақым келген. Апатқа кінәлі адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды»,- деп атап өтті ведомстводан.