Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр
  • «Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен
  • Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды
  • Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда
  • Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
  • «Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?
  • «Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Жоба құны – 1,6 млн АҚШ доллары»: Қытай кәсіпкерлері Түркістан облысында бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырмақ

«Жоба құны – 1,6 млн АҚШ доллары»: Қытай кәсіпкерлері Түркістан облысында бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырмақ

9 Шілде, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өтті. Бизнес-форумда екі елдің 80-нен астам кәсіпорын өкілі арасында B2B форматында екіжақты кездесулер өткізді, -деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Бизнес-делегациясының құрамында білім, денсаулық сақтау, IT, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру салаларының өкілдері болды. Бетпе-бет жүздесіп, бизнес бастауға арнайы жиналған барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқан Дархан Амангелдіұлы әр бизнес бастаушымен жеке жұмыс істейтінін жеткізді.

Мұндай кездесулердің жаңа жобаларды іске асыруға жол ашатын айтып, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің дамуын үлгі етті. Облыс әкімі инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Сауда қатынастарын орнатып, инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін қажетті қолдауды көрсететінін жеткізді. Тек экономиканы дамытуға ғана емес, мәдениет, туризм, білім саласын дамыту тетіктерінің қарастырылатынын айтты.

– Көріп отырғандарыңыздай, біздің өңірдің ынтымақтастық алаңы кең! Біз екі өңір арасындағы өзара байланысты арттыруға бағытталған маңызды жобаларды іске асыруға ниеттіміз. Мемлекет тарапынан инвесторларға преференциялардың ауқымды түрлері ұсынылады. Баршаңызды киелі Түркістан өңіріне шақырамын, – деді Түркістан облысының әкімі.

Бизнес-форумда екі елдің кәсіпкерлері өз компанияларын таныстырды. Екіжақты кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Бірлескен жобалар арасында ауыл шаруашылығы саласында пайдалануға ыңғайлы дрондар шығару, халықаралық мектеп салу, IT, құрылыс, ми ауруын емдейтін аурухана ашу, құрылыс материалдарын өндіру зауытын салу, цифрландыру арқылы ауылшаруашылық дақылдарын өсіру, травертин өндіру туралы келісімге келіп, меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ өңір басшысы инвесторлармен кездесіп, бірлескен жобалар бойынша маңызды келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Мяньян қалалық партия комитетінің тұрақты комитетінің мүшесі және вице-мэрі Ву Хао бастаған делегациямен жүздесіп, екіжақты келіссөздер жүргізді. Сонымен бірге құрылыс материалдарын өндіру зауытын салу туралы, ауылшаруашылығы саласын, медицина, білім, туризмді дамыту бойынша бірқатар келіссөздер жүргізді. Түркістан облысында жаңа көкөніс қоймасын салу жөнінде де келіссөздер өтті.

«Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация сапар барысында жергілікті көкөніс пен жемістің сату мерзімін ұзарту мақсатында Shaanxi Foreign Economic and Trade Group компаниясымен меморандумға қол қойылды. Жоба құны – 1,6 млн АҚШ доллары. Құрылыс 3 кезеңнен тұрады. Нәтижесінде Түркістан облысында еліміздегі ең ауқымды көкөніс қоймаларының бірі салынады. Кездесу соңында аймақ басшысы әкімдік тарапынан өзара тиімді байланыстардың маңыздылығын растай отырып, одан әрі бірлесіп жұмыс жасауға, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірдi», -деп хабарлады  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған шаралар екіжақтық достық қарым-қатынастардың одан әрі өрбуіне жол ашпақ. Қытайға сапар күндері Түркістан облысының делегациясы бірнеше өндіріс орындарында болуды және басқа да іс-шараларға қатысуды жоспарлап отыр.

Оқылып жатыр

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр

Бір тәулік күту: Қазақстанда кредит беру тәртібіне жаңа талап енгізілді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: 2025 жылдан бастап қандай өзгерістер енгізіледі?

78 млн теңге: Қымбат пәтер алғандар тексеріледі…

Соңғы жазбалар

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда

17 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

17 Қыркүйек, 2025

«Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды

17 Қыркүйек, 2025

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

17 Қыркүйек, 2025

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

17 Қыркүйек, 2025

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

17 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.