Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр
  • «Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен
  • Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды
  • Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда
  • Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
  • «Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?
  • «Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Екі ел арасындағы кәсіпкерлік байланыс нығаяды»: Түркістан облысы – Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі   

«Екі ел арасындағы кәсіпкерлік байланыс нығаяды»: Түркістан облысы – Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі   

9 Шілде, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шэньси провинциясының Вэйнань қаласындағы жұмыс сапары барысында Түркістан облысының делегациясы аймақтағы ірі өнеркәсіп орындарын аралады, -деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысының әкімдігі мен Қытайдағы Қазақстан елшілігі және Бас консулдық бірлесе ұйымдастырған кездесулер жалғасты. Бағдарлама бойынша облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация мен Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев іс-шараларға қатысты.

Жұмыс тобы мен түркістандық кәсіпкерлер Қытайдағы ең ірі ұн өндіретін Wudli Group Weinan Flour Co., компаниясының жұмысымен танысты. Компания жоғары сапалы бидайдан күніне 70 мың тонна, жылына 27 млн тонна ұн шығарады. 35 жыл тарихы бар өндіріс алыбы дүние жүзі бойынша алдыңғы қатардағы ұн өндіру компаниясы болып есептеледі. 6 қабатты зауыттың электронды басқару орталығын 4 адам басқарады. Мемлекет қолдауымен кәсіпорын дамып, Швейцариямен стратегиялық ынтымақтастық құрған.

Zhongken Huashan, Ltd. кәсіпорны жыл сайын 300 мың тонна сүт өнімдерін өндіреді. Фермада 48 мыңнан астам австралиялық сиыр өсіреді. Тәулігіне 200 тонна сүт өнімдерін шығаратын зауытта 200 адам жұмыс істейді.

Сондай-ақ сапар барысында облыс делегациясы мақсары майын өндіретін зауытта болды. Weinan Changanhua Grain and Oil Co., Ltd. кәсіпорны күніне 400 тонна, жылына 150 мың тонна май шығарады. Өндіріс толық автоматтандырылған. Ішкі нарықты қамтиды.

«Сапар аясында жұмыс тобы индустриалды аймақ жұмысымен танысып, Shaanxi Zhonglian Earthmoving Machinery Co., Ltd. ауыр техника мен оның оның бөлшектерін шығаратын зауытты аралады. Алпауыт компанияның жылдық айналымы 500 млрд теңгеге жуық. Салмағы 3 тоннадан 450 тоннаға дейінгі ауыр техниканы әлемнің көптеген елдеріне саудаға шығарады. Зауытта экскаватор, бульдозердің сан алуан түрі жасап шығарылады. 9 елде зауыттары жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай Халық Республикасы ТОП–5 инвестор елдерінің қатарына кіреді. Соңғы 15 жылда Қытайдан тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 24 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал, Түркістан облысымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 149 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт – 60 млн. АҚШ долларын және импорт 89 млн. АҚШ долларын құрады», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан өңірі – Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Облыста ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, энергетика, құрылыс, туризм салаларында инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Бүгінгі таңда Түркістан облысында Қытай капиталының қатысуымен жалпы сомасы 110 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 ірі жоба іске асырылды. Сонымен қатар бірқатар маңызды жобаларды іске асыру бойынша келісімдер жасалды.

Оқылып жатыр

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр

Бір тәулік күту: Қазақстанда кредит беру тәртібіне жаңа талап енгізілді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: 2025 жылдан бастап қандай өзгерістер енгізіледі?

78 млн теңге: Қымбат пәтер алғандар тексеріледі…

Соңғы жазбалар

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда

17 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

17 Қыркүйек, 2025

«Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды

17 Қыркүйек, 2025

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

17 Қыркүйек, 2025

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

17 Қыркүйек, 2025

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

17 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.